РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 28 наурыз 2017 10:21, Изменено: 26 сәуір 2017 16:28

Филиал тарихы

      Ақтөбе облысы аумағында   алғашқы метеорологиялық бақылаулар  1856 жылы ұйымдастырылған. 1886 жылы  Ойыл метеорологиялық станциясы, 1894 жылы Темір метеорологиялық станциясы, 1898 жылы Ақтөбе метеорологиялық станцияларында  метеорологиялық бақылаулар жүргізілген.

    Желінің  дамуына  байланысты 1956 жылы  Гидрометбюро (ГМБ) ұйымдастырылды, 1963 жылы   Орал ГМБ және Гурьев ГМБ әдістемелік  басшылықты  жүзеге асыратын   Батыс –Қазақстан  гидрометобсерваториясы болып  қайта аталды.

     1998  жылғы  01  ақпаннан Ақтөбе ГМО  «Қазгидромет» мемлекеттік  қазыналық кәсіпорны  болып қайта  аталды.                2012 жылғы 28 тамыздан   «Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы  бойынша  филиалы болып қайта құрылды.

      Ақтөбе облысында 24 метеорологиялық станция, оның 3 автоматтық станция және 1 аэрологиялық станция, 19 гидрологиялық бекет, сонымен қатар атмосфералық ауа сапасын бақылайтын 3 қолмен ластануды бақылайтын бекет, 3 автоматты бекет (СКАТ) жұмыс жасайды.

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?