РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 03 ақпан 2017 16:09, Изменено: 16 ақпан 2017 08:41

Алматы гидрометорологиялық орталығының құрылуы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқықғындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Алматы гидрометорологиялық орталығы» (бұдан әрі – ГМО) еншілес мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы №748 қаулысына сәйкес құрылды.

ГМО-ның мемлекеттік басқару органы және оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын орындайтын өкілетті орган Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылы жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Қазгидромет) болып табылады.

Кәсіпорын өз қызметінде Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, Қазақстан Республикасының 1994  жылғы 27 желтоқсандағы Азматтық кодексін, «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы 217 Экологиялық кодексін, «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі №173 Заңын өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай – ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.

«Қазгидромет» РМК Алматы облысы бойынша филиалы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

«Қазгидромет» РМК Алматы облысы бойынша филиалының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040010, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Гагарин к-сі, 216.

«Қазгидромет» РМК Алматы облысы бойынша филиал қызметінің мәні мен мақсаттары:

  1. Қоршаған ортаның жүйелі түрде гидрометеорологиялық мониторингін жүргізу;
  2. Гидрометеорологиялық болжамдарды әзірлеу, құру және жүргізу;
  3. Гидрометеорологиялық құбылыс апаттарының пайда болу мүмкіндіктері туралы алдын-ала хабарлау;
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, экономика саларының және халықтың қажеттіліктерін ауа райы, климат туралы, гидрометеорологиялық жағдайлардың нақтылы және күтпелі өзгерістері, қоршаған табиғи ортаның ластануы және олардың өзгерістері туралы мәліметтер беру арқылы қанағаттандыру болып табылады.

«Қазгидромет» РМК Алматы облысы бойынша филиалы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  1. Қоршаған ортаның жағдайына және оның ластануына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;
  2. Осы бақылауларды толық және уақытылы жинау және таратуды жүзеге асыру;
  3. Бекітілген мемлекеттік тапсырысқа және техникалық тапсырмаға сәйкес республикалық мемлекеттік органдарына, ұйымдарына және кешенді шаруашылық кәсіпорындарына және басқа да тұтынушыларға табиғи ортаның жағдайы және ауа райы туралы гидрометеорологиялық апаттар мен деректер ұсынады.

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?