РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 11 сәуір 2017 08:50, Изменено: 11 сәуір 2017 09:56

ҚР ЭМ «Қазгидромет» РМК «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы

    «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы ҚР ЭМ «Қазгидромет» РМК  Қазақстан Республикасы Ұлттық Гидрометеорологиялық қызметінің құрылымдық бөлімшесі ретінде 2012 ж.  25 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 746 қаулысымен құрылған «Алматы қаласы гидрометеорологиялық мониторинг» Еншілес Мемлекеттік Кәсіпорын базасында құрылды.

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы филиалы Алматы және Алматы облысы бөліктері аумақтарындағы қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау және гидрометеорологиялық бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру бойынша арнайы уәкілетті құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

        НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – тіркелген мемлекеттік бақылау желісінен гидрометеорологиялық және экологиялық дұрыс ақпаратты алу, деректерді өңдеу және жинау, метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрологиялық  қауіпті және апатты құбылыстарды және қоршаған ортаның жоғары деңгейде ластануын, гидрометеорологиялық болжаудың сапасын арттыру.

  «Қазгидромет» Алматы қаласы бойынша филиалы негізгі төрт буынды қамтиды:

  • Бақылаудың мемлекттік желілері, атмосфераның жай-күйіне, құрлық суларын, төселген қабаттың, ауылшаруашылығының, қоршаған ортаның ластануы мен жай-күйіне жүйелі түрде бақылау жасау. 
  • Ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесі, деректерді беруді және мұрағаттауды, өңдеуді, жинауды өндіретін.
  • Болжамдық қызметі метеорологиялық болжамдардың шығуын жүзеге асыратын және олармен мемлекттік билікті және басқарманы, әртүрлі деңгейдегі тұтынушылармен халықты қамтамасыз ететін.
  • Химиялық-талдау зертханасы, атмосфералық ауадағы және атмосфер алық жауын-шашындағы сынамаларды талдау және іріктеу бойынша; беткі сулардағы, топырақтағы және шөгінділердегі сынамаларды талдау бойынша,  атмосфералық жауулардың сынамаларын жиынтық бета-белсенділігін анықтау үшін радиометрикалық зерттеу үшін жұмыстарды атқаратын.
  •  

    Алматы қаласы және Алматы облысының  гидрометеорологиялық   қызметінің қалыптасуы

     Қазақстандағы жүйелі түрде бақылаудың басы 19 ғасырдың елуінші жылдарына жатады. Бастауында Семенов-Тяньшанский, Ш. Уалиханов, А.Голубев, сияқты атақты ғалымдар, ал Алматыда Верный әскери бекінісінде В.Обух, К..Ларионов тұрды.

            Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның климатын бірінші рет зерттеумен айналысқан Ш.Уалихановтың қандай қиындықтарға тап болғанын қазіргі уақытта елестету мүмкін емес. Ол  Петербург университетінің ректоры, профессор А.Н. Бекетовке «Андрей Николаевич, құдай үшін Қоғамның  (Орыс географиялық қоғамы), маған далаға барометр и психрометр, бірнеше термометр жіберуін қадағалаңызшы» деп хат жазды.

            Қазақ Метеорологиялық бюросының төрағасы Ораз Джандосов Қазақстандағы  гидрометеорологиялық қызметтің дамуының 2 кезеңін атап өтті.           

    Бірінші- бұл «табиғи факторларды үйрену зерттеу және экспедиция арқылы жүрді.» Мұндай экспедициялар жан-жақты бағдарламалармен 18 ғасырдың 30 жылдарында жүргізілді.

    Екінші- бұл жерүсті бақылау желісін құру. Ол  Қазақстанның климатын зерттеу үшін жүйелі стационарлық бақылауларды жүргізуге мүмкіндік берді.

    Алматы қаласында бірінші метеорологиялық бақылаулар 1859 ж жүргізіле бастады. 1915 жылға дейін бақылаулар тұрақты емес болды. Метео алаңның жиі ауыстырылуына байланысты бақылау нәтижелері төмен болды.

     1915 жылы Бас геофизикалық обсерваторияның қаражатына Верный метеорологиялық станциясы орналастырылған ғимарат салынды. Үй қаланың оңтүстігінде тұрды. Қазіргі кездегі метеорологиялық алаңы және қызметтік ғимараты 1915 ж ауыстырылған Абай, Сейфуллин, Масанчи,  Сатпаев көшелерінің қиылысында орналасқан.

              Верный қаласындағы бақылаулардан басқа,  метеостанциялар Алматы облысының басқа аудандарында ашылды. Осылайша 1912 ж. Есік қаласында станция ашылды. Таулы климаттық шарттарын зерттеудің қажеттілігіне байланысты 1915 ж. Үлкен Алматы көлінде станция ашылды. Бұл станция, қазіргі кезде қар көшкіні мәртебесіне ие және метеорологиялық жағдайларға ғана бақылау жасап қоймай, Үлкен Алматы өзені шатқалының қар көшкіні жағдайына да бақылау жасайды. 1929-1935 жж аралығында  Кеген, Құйған, Қырғызсай, Шелек, Бақанас, Күрті метеостанциялары ашылды (1992ж жабылды). 1935ж маусым айында Қазақстандағы ең биік таулы станция Тұйықсу мұздығында ашылды. Бұл жер халықта Мыңжылқы деп аталды ( 1000 жылқы алқабы). Ұйымдастырылған метеорологиялық алаң алқаптың аты бойынша, сосын станция  Мыңжылкы атауын алды. Станция  3017м биіктікте орналасқан.                

        Кіші (Малая) Алматы өзені ауданындағы метеорологиялық жағдайлады зерттеу өткен жүзжылдықтың 30 жылдарында осы жерде әртүрлі биіктегі, Верхний Горельник -2217м (1996ж жабылды), Усть-Горельник- 1942м (2000ж ауыстырылды), Медеу-1529 м (қазіргі кезде автоматты метеорологиялық станция орнатылған) метеорологиялық станцияларын ашуға әкеліп соқты.

         Соңғы жылдары Жосалы- Кезең- 3350м асуында , Алматау т/б - 1980м қар көшкіні бақылауларымен метеобекеттер ашылды. 1973ж  Шымбулақ қар көшкін станциясы ашылды, 2000ж бастап метеорологиялық бақылауларды да жүргізеді.

             Қазақстандағы ауылшаруашылығын дамытумен байланысты, Алматы облысында агрометеорологиялық бақылаулармен станциялар ашылуда. Бұл станциялар ауылшаруашылығының жағдайына және өсуіне, жайылым өсімдіктеріне, малды бағу және жайылымға шығару жағдайларына бақылау жүргізеді. 1947- 1951 жылдар аралығында деректердің бақылауын жүргізетін Аул-4 (Балқаш ауданы), Ассы (Еңбекшіказақ ауданы), Айдарлы станциялары ашылды.

            Ежелден біздің қаланың тау бөктерінде алма бақтары өседі. Олардың өсіп-өнуі және қыстау кезіндегі жағдайын зерттеу үшін  Алматы Каменское плато (1960ж) метеорологиялық станциясы құрылды. Осы кезде Ақсеңгір метеостанциясы да ашылды.

             Біздің станциялар Бүкіләлемдік метеорологиялық желісіне кіреді. «Ауа райы шекарасын білмейді!» Сол үшін, барлық ақпарат өңірлік ғана емес әлемдік деректер орталығында өңделеді. Бұл өз кезегінде әр бақылаушының кез келген станцияда олардың атқарған жұмысына жауапкершілік деңгейін жоғарылатады. Ең алдымен желілірде жұмыс істейтін мамандардың жоғары кәсіби деңгейіне, сондай ақ сенімді құралдар мен аспаптарға қол жеткізеді. Қазір метеорологиялық станциялар автоматты бақылауларлар дамуының жаңа сапалы жолы өтпелі кезеің бастан кешіруде.