РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 28 наурыз 2017 10:38, Изменено: 13 сәуір 2017 13:39

1894 жылы Қарағанды облысының қазіргі аумағында Қарқаралы қалалық училищесімен Қазақстанның ескі станцияларының бірі болып табылатын Қарқаралы метеорологиялық стансасы ұйымдастырылған.

1926 жылы қазіргі Қарқаралы метеостансасынан басқа Қарсақпай метеостансасы ашылды. 1931 жылы Ақтоғай а., ал 1932 жылы Жезқазған қ. метеостанса ашылды. Сол 1932 жылы Қарағандының ескі қаласында №1 көмір шахтасы кезінде Қарағанды оқу комбинатымен жердегі метеорологиялық бақылаулар жүргізетін және кейінен пилотшар жүргізетін метеорологиялық станса ашылды, бұл 1934 жылы Қарағанды қ. ескі қала ауданында әуежай ашылуына байланысты болды. 30 жылдары облыс аумағында тағы 8 метеорологиялық стансалар ашылды: Ақсу-Аюлы, Алғазы аралы (Балқаш көлінде), Бектауата, Бесоба, Жаңа-Арқа, Жарық, Қызылжар, Мучирин атындағы кеңшар.

Қарағанды облысында жергілікті әуе жолының дамуына байланысты Қарағандыда, Қарқаралыда, Егіндібұлақта, Қаражалда, Баршинада, Ақшатауда, Балқашта, Жезқазғанда азаматтық авиациялық метеорологиялық (ААМС) стансалар ұйымдастырылды, олар Қазақстанның және облыстың авиациялық кәсіпорындарының әуе кемелерін метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етті.

1950 жылы Қарағандыда гидрометбюро құрылды, ол 1970 жылы метеорологиялық стансалар мен бекеттер, аэрологиялық стансалар мен авиаметстансалар желілерін біріктіретін Гидрометеорологиялық обсерватория болып қайта құрылды. Облыстың 92 кеңшарында орналасқан агрометеорологиялық бекеттер желісінде әдістемелік нұсқаулықтар жүргізілді.

ССРО экологиялық мәселелеріне қойылатын талаптардың өсуіне байланысты гидрометеорология бойынша Қазақ Республикалық басқармасына оның дәстүрлі бақылауларынан басқа 1979 жылы табиғи ортаның ластануын бақылау жөніндегі міндеті жүктелген.

Сол кезеңде Қарағанды гидрометобсерваториясында, Қарағанды және Теміртау қалаларында атмосфералық ауа жағдайын бақылау бойынша 2 зертхана және облыстың жер үсті суларының ластануын бақылау бойынша 1 зертхана құрылды.

Қазіргі уақытта «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының құрамында 33 станса, оның 7 автоматты тәртіпте жұмыс істейді және 5 метеобекет, 19 гидрологиялық бекет, Қарағанды және Жезқазған қалаларында 2 аэрологиялық станса, Балқаш көлдік станса, Жезқазғанда гидрометбюро, метеорология, гидрология және агрометеорология топтарынан тұратын гидрометеорологиялық бақылау бөлімі, метеорологиялық болжау бөлімі және Қарағанды, Жезқазған, Балқаш қалаларында төрт зертхана орналасқан.

Филиалдың барлық қызметі облыстың гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингін жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға бағытталған.

«Қазгидромет» бөлімшелері ұсынатын гидрометеорологиялық ақпараттар, мемлекеттік ұйымдарда, республиканың шаруашылық кешеніндегі барлық дерлік кәсіпорындары мен ұйымдарында кеңінен қолданылады.

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?