РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 13 сәуір 2017 17:56, Изменено: 27 сәуір 2017 18:09

Қазақстан Республикасы Энергетика министрілігі “Қазгидромет” шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда облысы бойынша филиалы Ұлттық бірегей  гидрометқызметтің Қызылорда облысы аумағындағы гидрометеорологиялық құбылыстар мен қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргізуді ұйымдастырушы және орындаушы  арнайы  уәкілетті органы болып табылады.

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалында үйреншікті ауа температурасы, жел жылдамдығы, жауын-шашын туралы мәліметтерден басқа радиация және қоршаған ортаның ластануы жөнінде де ақпарат ала аласыздар.

Филиал қызметінің мәні мен мақсаттары:

1.     Қоршаған ортаның жүйелі түрде гидрометеорологиялық мониторингін жүргізу;

2.     Әртүрлі табиғат құбылыстарына, процестерге болжамдар әзірлеу және тұтынушыға жеткізу;

3.     Апатты гидрометеорологиялық құбылыс пайда болуы туралы алдын-ала хабарлау;

4.     Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, экономика саларының және халықтың қажеттіліктерін ауа райы, гидрометеорологиялық жағдайлардың нақты және күтілетін өзгерістері, қоршаған табиғи ортаның ластану жағдайы туралы мәліметтермен қамтамасыз ету болып табылады.

«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1.     Қоршаған ортаның жағдайына және оның ластануына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

2.     Осы бақылауларды толық және уақытылы жинау және таратуды жүзеге асыру;

3.     Бекітілген мемлекеттік тапсырысқа және техникалық тапсырмаға сәйкес республикалық мемлекеттік органдарына, ұйымдарына шаруашылық кәсіпорындарына және басқа да тұтынушыларға табиғи ортаның жағдайы және ауа райы туралы гидрометеорологиялық мәліметтер ұсыну.

Облыстағы қызметтің даму тарихи

  • 1848 ж. – Қазалы метеорологиялық стансасының ашылуы. Қазақстан территориясындағы ең алғашқы метеорологиялық станса. Қазалы метеорологиялық стансасы 1848 жылдан бастап жұмыс жасады, Түркістан әскери округінің әскери топографиялық қоғам жүргізуінде болды.1948 жылы стансаның 100 жылдық құрметіне, жақсы еңбек жасағаны үшін И.В.Сталин атындағы құрмет грамотасымен марапатталды. 2005 жылы станса қызметкерлерінің еңбектері еленіп, климат бақылау аумақтық жүйесі желілерінде жоғары сапада бақылау жүргізгендері үшін БМҰ (Женева Швейцария) мақтау қағазымен марапатталды.
  • 1884 ж. – Арал теңізі метеорологиялық стансасының ашылуы. Арал теңізі метеостансасының көпжылдық тарихы бар. Бақылау пункті ретінде ашылған станса 1950жылдың ортасы 1998ж аралығында ауқымын кеңейте тісті. Гидрометобсерваторияға айналып, «Отто Шмидт» суднасында Арал теңізі деңгейіне гидрологиялық бақылаулар жүргізді. Аэрологиялық станса жұмыс жасады, бақылаулардың барлық түрлері жүргізілді, қызметкерлер ғылыми мекемелермен қызметтес болды. Қазіргі таңда негізгілерден басқа, актинометриялық
  • және озонмен бақылау жіргізіледі.
  • 1918 ж. – Жосалы метеорологиялық стансасының ашылуы
  • 1941 ж. – Шірік-Рабат жетуі қиын метеорологиялық стансасының ашылуы
  • 1950 ж. – Қызылорда қаласында метеорологиялық стансаның ашылуы
  • 2011 ж. - Қызылорда қаласында аэрологиялық стансының ашылуы
  • 1999 ж. - «Қазгидромет» РМК "Қызылорда гидрометеорология орталығы " еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылуы
  • 2012 г.- «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы болып қайта  құрылуы

Ақпарат көзі

 Гидрометеорологиялық және қоршаған ортаның ластануы туралы ақпараттар түсу көзі бақылау желісі болып табылады.  Қызылорда филиалының құрамында: 11 метеорологиялық станса (оның 3 агрометеорологиялық бақылау жүргізеді), 12 гидрологиялық бекет,  3 автоматтандырылған метеорологиялық станса, 1 атмосфералық ауаның ластануын бақылау бекеті (ПНЗ), 4 атмосфералық ауаның ластануына бақылау жүргізетін автоматтандырылған СКАТ бекет бар.

Жүргізілетін бақылаулар және тұтынушыны ақпаратпен қамтасыздандыру :

  • Метеорологиялық, гидрологиялық, агрометеорологиялық, актинометриялық және озон бақылауларын өңдеу.
  • Қызылорда облысы және қаласы атмосфералық ауаның ластануына және филиал қызметінің аумағында Сырдария өзен суларының беткейін барлау мониторингін жүзеге асыру.
  • Қызылорда қаласы және облысы бойынша қысқа мерзімді болжаулар жасау; тұтынушыларға ауа-райының қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарын алдын ала ескерту және  ауа-райы болжамдарының барлық түрлерімен қамтамасыз ету.
  • Тұтынушыларға гидрометеорологиялық  нақты және арнайы ақпараттармен қызмет көрсету;