РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 28 наурыз 2017 10:49, Изменено: 13 сәуір 2017 12:31

«Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы өз қызметін 1970 жылдан бері атқаруда. 1922 жылдан беріҚазақстан Республикасы, Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны – филиалдың мемлекеттік басқару органы ретінде, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы бар субьектінің қызметін басқарушы болып табылады.

Маңғыстау облысының метеорологиялық бақылау желісі 13 метеорологиялық стансалардан құралады: Ақтау, Форт-Шевченко, Бейнеу, Қызан, Сам, Опорная, Құлалы, Тұщыбек, Аққұдық, Сай-Өтес, Жаңаөзен, Жетібай және Болашақ. Олардың 3-уі теңіздік, 2-уі автоматты станса және 3-де қосымша агрометеорологиялық бақылаулар жүргізіледі. Сондай-ақ, 4 жағалық теңіз гидрология бекеттері бар: Құрық, Мыс Песчаный, Саура, Фетисово. Сонымен қатар,Каспий теңізінің акваториясында 4-дана экологиялық және гидрометеорологиялық бақылау автоматты буй стансалары орнатылған: Ақтау, Құрық, Баутин және Құлалы аралы.

Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу елді-мекенінде атмосфералық ауаның ластануына тәулік бойы үздіксіз бақылау жүргізетін  5 автоматты стансалар мен 2 стационарлы пункттер орнатылған. Атмосфералық ауаның ластануын бақылау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: озон, күкірт сутегі, азот оксиді, күкірт диоксиді, метан, көміртегі оксиді, жалпы көмірсутегі, шаң, сульфат ерітіндісі, аммиак, күкірт қышқылы.

«Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиал қызметінің негізгі мақсаты, мемлекеттік билік және басқару органдарын, халықты және экономиканың әртүрлі секторындағы шаруашалық объектілерін гидрометеорологиялық және экологиялық болжамдармен, санақ-мәліметтермен қамтамасыз ету, қоршаған орта жағдайын бақылау болып табылады.

Орталықтың негізгі бағыты:

1.Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы бойынша қысқа мерзімді және арнайы  ауа-райы болжамын жасау;

2.Атмосфералық ауа жағдайын, теңіз суы, топырақ және түптік шөгінділерге мониторинг жүргізу;

3.Каспий теңізінің гидрометеорологиялық және гидрохимиялық режимін зерттеу, теңіз деңгейінің тербелісіне болжам жасау.

 

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?