РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 28 наурыз 2017 10:54, Изменено: 13 сәуір 2017 11:03

Солтүстік Қазақстан аумағындағы алғашқы бақылаулар 1890 жылдары Петропавл метеорологиялық стансасында басталды. Петропавл қаласында гидрометеорологиялық бюро 1954 жылы ашылды.     1976 жылы Гидрометеорологиялық бюро жанында қоршаған ортаның ластануына бақылау жүргізудің кешенді химиялық зертханасы жұмыс істей бастады. Солтүстік Қазақстан облысының гидрометеорологиялық қызметі көп мәрте қайта аталды. 2012 жылғы 22 тамызда ҚР ЭМ «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы (филиал) болып қайта аталды.   

Филиал Петропавл қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы қоршаған ортаның жағдайына және гидрометеорологиялық процесстерге бақылау жүргізудің біртұтас мемлекеттік қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру бойынша арнайы уәкілетті мемлекеттік орган болып келеді. Филиал қызметкерлерінің саны 164 адам.

 Бақылау тораптары гидрометеорологиялық ақпараттың және қоршаған ортаның ластану жағдайы туралы ақпараттың дереккөзі.  

 Қазіргі уақытта гидрометеорологиялық торап 38 бақылау бекеттерінен тұрады:

  • метеорологиялық станса -14;
  • гидрологиялық бекет - 14;
  • агрометеорологиялық бекет - 7;
  • метеорологиялық бекет - 1.

Қоршаған ортаның ластануына бақылау жүргізіледі:

Ауа бойынша:

  • тұрақты бақылау бекеттері (Петропавл қ.) - 2 ;
  • автоматты бақылау бекеті (Петропавл қ.) - 2 ;
  • облыстың 4 ауданы (М. Жұмабаев, Айыртау, Тайынша, Қызылжар) бойынша экспедициялық шығыстар тоқсанына 1 рет.

Жер үсті сулары бойынша:

  • бекеттер 4, жармалар 6.

Радиация:

  • бекеттер – 3.

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?