РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 30 наурыз 2017 10:00, Изменено: 27 сәуір 2017 17:31

Шығыс Қазақстан облысында филиалдың құрылуы және даму тарихы

Өскеменде алғашқы метеорлогиялық станса 1733 жылы,  Қазан қ. Ұлы батыс экспедициясы кезінде ашылған болатын.

Метеорологиялық  элементтерді оқып үйрену XIX ғасырдың ортасында қоныс аудару сипатындағы мәселелер және Ертіс өзенінде кеме жол қатынасын дамыту болды.

Шығыс Қазақстан облысының   қазіргі замандағы метеорологиялық жүйесіне негіз болатын алғашқы метеостансалар уездік қалаларда пайда болды: 1876 жылы Зайсан қ., 1877 жылы Өскемен қ. 1887 жылы Зырян кенішінде метеорологиялық бақылаулар ұйымдастырылды. Бұл біздің облыс аумағындағы алғашқы метеорологиялық торап болды.

Қоныс аудару басқармасын  аудандағы жаңа игерілген жерлердің ауыл-шарушылық ерекшеліктерін анықтау үшін метеорологиялық мәліметтер алып, шаруаларға неғұрлым жоғары егістік өнім алуға ұсыныстар жасау мақсаттары көзделген.

XIX  ғасырдың ортасында  ұйымдастырылған, сол кезде жұмыс істеп жатқан Өскемен қ, Зайсан қ, Зырян, Катон- Қарағай с. метеорологиялық стансаларға 1901 жылы -Шемонаиха к. және Убинская ст., 1904 жылы –Булочное с., Гусиная пристань, 1905жылы- Тополев Мыс, 1908жылы- Нижняя Еловка, Орловск, Александровск, Ардинск селоларында, 1909 жылы - Төменгі Қалжырда, 1910 жылы- Панкратьев омартасында  қосымша метеосансалар қосылды.

1914 жылға қарай, біздің облыста метеорологиялық торап 23 метеорологиялық стансаларды құрады.

XX ғасырдың 50-60-шы жылдардың аяғында заманауи  метеорологиялық стансаларды қалыптастыру жұмыстары аяқталды.

1973 жылы Өскемен қ. гидрометбюро жанынан қоршаған ортаның ластануын бақылау зертханалары құрылды,  құрамында 2 топ болды:

- су беті қабаты

- атмосфералық ауа

Мем. СТ сәйкес,  атмосфералық ауаның ластану жай- күйін үздіксіз бақылау 1974 жылдан басталды. Сонымен қатар, 4 стационарлық бекеттерде  келесі 7 қоспалардан тұратын мәндер анықталды: шаң, көміртегі  оксиді, күкірт оксиді, азот оксиді, хлор, қорғасын және күл. Стационарлық бекеттерден басқа қорғасын-мырыш және титан- магний комбинаттары орналасқан аудандарда атмосфералық ауаны жалын арқылы  ластануды бақылау  жұмыстары ұйымдастырылды.

1974 жылы Лениногор қаласында да қоршаған ортаның ластануын бақылау зертханасы құрылып, сондай-ақ  ауадағы  7 зиянды қоспалар бойынша 5 стационарлық бекеттерге бақылау жүргізілді. 1976 жылы Зырян қаласында және 1977 жылы Семипалатинск қаласында 4 стационарлық бекеттермен зертханалар ашылды.  Ол 4 қоспалар бойынша анықталды: шаң, күкірт диоксиді, азаот диоксиді, көміртегі диоксиді.

Атмосфералық ауаның ластануын бақылаумен қатар, 1973 жылдан Шығыс Қазақстан гидрометеорлогия орталығымен су беті қабатының ластануын бақылау материалдары бойынша жыл сайын гидрохимиялық шолу жасау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Шығыс Қазақстан облысының өзендері  кәсіпорындардан  шыққан түсті металдар және  қаланың тұрмыстық- шаруашылық қалдықтарының ағынды сулары арқылы ластанады.

Өнеркәсіптік ағынды сулардың көлемі  тәулігіне мыңдаған кубметрмен өлшенеді.

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?