РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 03 ақпан 2017 16:25, Изменено: 26 қыркүйек 2017 18:12

Бүгінгі күні РМК «Қазгидромет» құрамына Қазақстан Республикасы әр облысының және Алматы мен Астана қалаларының 15 еншілес мемлекеттік кәсіпорындары кіреді, онда 3,5 мыңнан астам жұмыс істейді. Елімізде 328 метеостанса, оның 83 халықаралық мәртебеге ие және ғаламдық желіге кіреді. Осы стансаларда бақыланған ауа-райы әлемдік дерек орталығына беріледі.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК 307 гидрологиялық  бекеттер бар, онда химиялық талдауға су сынамалары алынып, өзендер мен көлдердің су мөлшерлері есептелінеді. Зертханалық  жағдайда гидрохимиялық және гидробиологиялық саралаулар ластаушы элементтердің 70-тен аса түріне жасалынады.

Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК, агрометеорологиялық және экологиялық ақпарат береді және бекітілген бағаға сай жұмыстың жеке түрлеріне қызмет көрсетеді.

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?