РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 03 шілде 2017 10:33, Изменено: 03 шілде 2017 10:35

«Қазақстанның табиғаты және табиғи құбылыстары» атты

фотосурет конкурсы туралы ереже

1.     Жалпы ережелер

1.1.  «Қазақстанның табиғаты және табиғи құбылыстары» - фотосурет конкурсы (бұдан әрі - фотоконкурс)  2017 жыл - «Қазгидромет» РМК 95 жылдығын атап өту шеңберінде өтеді. Фотоконкурсты ұйымдастырушы - «Қазгидромет» РМК.

1.2. Осы ереже фотоконкурсқа қатысу үшін өтініш білдірген, барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін ұсынылады. Осы ереже «Қазгидромет» РМК WWW.KAZHYDROMET.KZ ресми ашық сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланған.

1.3. Фотоконкурстың негізгі мақсаты – Қазақстанның табиғаты мен табиғи сұлулығын және алуан түрлі құбылыстарын  фотожұмыстарда  көрсету.

1.4. Фотоконкурстың  міндеттері:

- Қазақстан Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің жұмысына деген халықтың қызығушылығын арттыру;

- Фотографтардың шығармашылық қабілеті мен  эстетикалық талғамын дамыту,   шығармашылық қызметті насихаттау.

- Басқа да гидрометеорологиялық қызметтердің арасында  өрістету үшін Фотоконкурс қатысушыларының  фотожұмыстары бар  күнтізбе шығару.

2.     Фотоконкурсты өткізу шарттары

2.1.  Фотоконкурсқа кәсіби және кәсіби емес фотографтар қатыса алады. Осы конкурсқа Қазақстанның кез келген азаматы жасына, жынысына, тұрғылықты орны, кәсiбi мен әуесқойлығына қарамай қатыса алады.

2.2. Фотоконкурс екі аталым (номинация) бойынша өткізіледі: Сандық фотосуреттер және Телефонға түсірілген фотосуреттер, кез-келген жанрда – тақырыбы: «Қазақстандағы табиғат және табиғи құбылыстар», яғни фотосуреттер Қазақстан аумағында жасалуы тиіс.

2.3. Конкурсқа қатысу үшін авторлар ұжымы, фотосурет, редакция студиялары,  сондай-ақ басқа да бірлестіктер мен ұйымдар жіберіледі.

2.4.   Конкурсқа қатысу үшін төлем ақы алынбайды, жұмыстарға рецензиялық сыни пікір жазылмайды, жұмыстар коммерциялық емес пайдалану құқығымен ұйымдастырушылардың иелігінде қалады. 

3.     Қатысушылар мен Ұйымдастырушылардың құқықтары мен міндеттері.

3.1. Конкурсқа қатысу – Қатысушылардың осы  ережемен  толық танысып, келісім бергендігін білдіреді.

3.2. Конкурсқа қатысу үшін фотосуретті жариялаумен, Қатысушы:

-  ол орналастырған фотосуреттер, оған тиесілі екендігін, авторлық құқықтың барлығын, конкурс өткізу кезінде бұл фотосуреттер қолданылып, үшінші тұлғаның мүліктік және/немесе мүліктік емес құқықтарын бұзбайтынын растайды;

-   ұйымдастырушылардың таңдауы бойынша сайттарға, тақырыптық басылым баспаларында жариялау мүмкіндігімен, айтылмыш фотосуретті жариялауға келісім береді;

-   үшінші тұлғалардың, фотосуреттерді жариялаумен байланысты Конкурс ұйымдастырушыларына білдірген наразылығы болған жағдайда - наразылықты шешуге және авторлық құқықты бұзу фактілері анықталған жағдайда - барлық шығындардың толық көлемде өтелуіне көмек беруді міндетіне алады;

-  жарияланған фотосуреттерді пайдаланумен байланысты, үшінші тұлғалардың  Конкурс ұйымдастырушыларына арыз-талап қойған жағдайында сотта жауапкер жағында үшінші тұлға ретінде куәгер болады.  

3.3. Ұйымдастырушы,  қосымша түсініктеме бермей-ақ, талаптарға сай емес фотолардың конкурсқа қатысуына рұқсат бермеуге құқылы.

3.4. Ұйымдастырушы жеңімпаз өзі туралы ақпаратты уақтылы немесе дұрыс бермеген жағдайда, конкурс ережелерін бұзған жағдайда, жеңімпазға жүлдені беруден бас тартуға құқығы бар.

3.5. Фотоконкурсқа қатысу – автордың гонорарсыз негізде осы шығармаларды бұдан ары қарай жариялау мүмкіндігіне келісім бергендігін білдіреді.  Осы ретте, авторда авторлық құқықтары, сондай-ақ фотожұмыстарды жариялау және көрмеге қою құқығы сақталады.  Таңдалған жұмыстардың көрмесі, жұмыс авторының аты-жөні көрсетіліп, «Қазгидромет» РМК ғимаратында ұйымдастырылатын болады.

3.6. Конкурсқа жіберілген Фотосуреттер мынадай жағдайларда Конкурсқа қатыстырылмауы мүмкін:

- байқау тақырыбына қатысы жоқ фотосуреттер;

- көркемдік немесе техникалық сапасы төмен фотосуреттер;

-эротикалық компоненті бар суреттер, сондай-ақ зорлық-зомбылық, нәсілдік немесе діни ымырасыздық элементтері бар суреттер конкурсқа жіберілмейді.

4.     Фотоконкурсты өткізу тәртібі

Фотоконкурс  2017 ж.17.04. – 2017 ж.15.09. кезеңдерінде өткізіледі;

2017 ж. 17. 04. - 2017 ж. 10.08.  - қатысушыларды тіркеу, өтінім беру;

2017 ж. 15.08.– 2017 ж. 01.09. - Телефонға фото аталымындағы  фотосуреттер үшін әлеуметтік желілерде ашық дауыс беруді өткізу; Конкурстық комиссия Сандық фотосуреттераталымындағы жұмыстарды қарап, қорытындылап, жеңімпаздарды анықтау;

2017 ж. 15.09. – Фотоконкурс жеңімпаздарын жариялау және марапаттау, фотосурет көрмесінің ашылуы.

5.     Өтінім беру үрдісі

5.1. Фотоконкурсқа қатысу үшін pressmeteo@gmail.com электрондық пошта адресі бойынша (хабарлау тақырыбында ФОТОКОНКУРС деп көрсетіп) фотожұмыстарды электронды түрде ұйымдастыру комитетіне жолдау қажет

Сандық фотосурет аталымында: JPG форматында, А3 форматында басып шығару үшін жарамды (420 мм және 300 dpi немесе ұзын бойы бойынша 4961 пиксель  мен 300dpi)

Телефонға фото түсіру аталымында: мобильді құрылғы арқылы түсірілген (атап айтқанда, қандай екенін көрсете отырып) фотосуреттер.

5.2. Файл атауында  орысша әріптер және бос орындар немесе мынадай белгілері / \*? .. «<>|  болмауы тиіс. Конкурсқа қойылған, әрбір фотосурет үшін,  авторы мен атауы көрсетілуі тиіс. Электронды хаттың мазмұнында, сондай-ақ Фотоконкурс қатысушысының байланыс деректерін: автордың аты-жөні, қаласы, телефон нөмірі және электрондық пошта адресі, әрбір жұмыс қандай аталымда қатысатынын көрсету керек.

5.3. Телефонға фото аталымының қатысушылары үшін, міндетті шарт – әлеуметтік желілердегі,   онда конкурс ашық дауыспен өткізілетін:

-     https://www.facebook.com/kazhydromet/

-     https://vk.com/pressmeteo Ұйымдастырушының ресми сайт беттері бірінің жазылушысы болып табылуы тиіс.

6.     Бағалау үрдісі

6.1. Телефонға фото аталымында ұсынылған Фотоконкурс жұмыстарын бағалау FACEBOOK.COM және VK.COM. әлеуметтік желілер пайдаланушыларының ашық дауыс беру жолымен жүзеге асырылады. Осы ретте, екі әлеуметтік желідегі дауыс беру пайдаланушыларының қосындысы шығарылады. Егер екі немесе одан да көп қатысушылар тең дауыс санын алса, жеңімпазды конкурстық комиссия анықтайды.

6.2. Сандық фотография аталымында ұсынылған Фотоконкурс жұмыстарын бағалау, конкурстық комиссиямен жүзеге асырылады, оның құрамына:

Комиссия төрайымы:

Марина Шмидт - «Қазгидромет» РМК Гидрометорталығының директоры

Комиссия құрамы:

1)    Малика Бульдекбаева - «Қазгидромет» РМК баспасөз-хатшысы

2)    Кәсіби фотограф

3) Кәсіби фотограф кіреді.

6.3. Конкурстық комиссия ұсынылған жұмыстарды қарап, жеңімпаздарды анықтайды. Фотоконкурс Ұйымдастырушылары марапаттау рәсімін іске асырады.

6.4. Әділ-қазылар алқасы фотожұмыстар авторларына қосымша ынталандыру сыйлықтарын беруге құқылы.

6.5. Конкурстық жұмыстарды біркелкі салыстыру үшін мынадай бағалау критерийлері таңдалды:

-конкурс тақырыбына сәйкестігі;

-ерекшелігі;

-жалпы қабылдауы;

-шығарманың көркемдік деңгейі;

-жұмыс идеясының  мазмұны мен ерекшелігі

-техникасы мен орындау шеберлігі.

7.     Фото байқауына қатысушылар  нәтижелерін марапаттау

7.1. Фотоконкурс жеңімпазы қорытындысы дауыс санына сәйкес әр аталым бойынша анықталады. Сурет байқауының жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сандық фотосурет аталымында бас жүлде- ноутбук;

Телефонға фото аталымындағы бас жүлде - планшет.

7.2. Жеңімпаздарды марапаттау, сондай-ақ жүлделі жұмыстардың көрмесі, «Қазгидромет» РМК ғимаратында 2017 жылғы 15 қыркүйекте  өтеді.

7.3. Ұйымдастырушы көрмені өткізу және жеңімпаздарды марапаттау орнын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?