РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 08 ақпан 2017 18:14, Изменено: 16 наурыз 2017 14:50

Гидрология – бұл Жердегі уақыт ішіндегі және кеңістіктегі, жердің бетіндегі судың қалыптасуы мен таралуын, олардың химиялық, биологиялық және физикалық қасиеттерін қоса және олардың қоршаған ортамен өзара байланысын зерттейтін ғылым. Гидрология негіздері су ресурстарын бағалау және басқару үшін, құрғақшылық пен су тасқындарымен байланысты, жер топырақтарының эрозиясын, үйінділердің тасымалдануын, сондай-ақ судың ластануы бойынша практикалық проблемаларды шешу үшін қолданылады. Жер асты және жер беті суларының ластану мәселері және экономикалық әл-ауқатын жақсарту мақсатында жүзеге асырылатын, қолда бар су ресурстарына деген үнемі өсіп отыратын қысым, қоршаған орта және сумен байланысты көптеген мәселерді шешу үшін гидрологияны ілгері бірінші орынға жылжытты.

Қазақстанда, ұзындығы 10 шқ. уақытша ағын сулар мен 8290 жуық өзендер, шамамен 76 мың шағын су арналары, ауданы 1 ш. шқ. 3000-нан астам көл бар.

«Қазгидромет» РМК-ң негізгі өндірістік бөлімдерінің бірі Гидрологиялық қызметтің ең маңызды міндеттері, мемлекеттік билік органдарын, халық пен Қазақстан Республикасы экономикасының салаларын еліміздің су объектілеріндегі режимдік, жедел және болжамды гидрологиялық ақпаратпен уақтылы және сапалы қамтамасыз ету болып табылады.

 «Қазгидромет» РМК аталған міндеттерді сәтті шешу үшін қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес гидрологиялық желілердегі бақылауларды жетілдіру және пайдалануды, бақылау жүргізуді қоса алғанда бақылау нәтижелерін жазу және олардың сапасын бақылау, бақылау материалдарын сақтау және жалпылауды қамтамасыз етеді.

Гидрологиялық қызметтің негізі - гидрологиялық бекеттер желісі (ГБ).

Гидрологиялық бекеттер су қоймаларының, көлдердің, өзендердің жай-күйін зерделейді.

Осы бекеттердің бақылау деректері өзеншілерге, көпір және, гидротехникалық құрылысшыларына, энергетиктерге және т. б. - бір сөзбен айтқанда, адамның қажеттігі үшін суды жұмыс істетуге мәжбүрлейтіндерге керек. Гидробекетте су деңгейін бақылау, судың температурасын, мұз құбылыстарын, өзендер сулылығын өлшеу және т.б. бақылау жүргізіледі.

Гидрологиялық ақпараттар Мемлекеттік су кадастрында (МСК) жинақталып жүйеленеді, сақталады және одан әрі тұтынушылар пайдаланады.

Қазақстандағы гидрологиялық бақылау баяу дамыды. 20 ғасырдың басында су деңгейін бақылайтын тек 4 бақылау пункті, оның өіз бір ғана су объектісі – Ертіс өзенінде жұмыс істеді. Қазан кезеңіне дейін гидрологиялық бекет саны 25 болса, оның біреуінде ғана су өтімі өлшенді. Тек Қазан социалистiк төңкерiсінен кейін ғана гидрометеорологиялық қызметтiң дамуына жаңа мүмкiндiктер ашылды, расында, Кеңес өкіметінің бірінші жылдарында (1917...1920 жж.) жас Кеңестік республика iшкi және сыртқы контрреволюция күресімен айналысып жүріп, Гидромет қызметiне жеткiлiктi көңiл бөле алмады.

Гидрологиялық желі 1930 жылға дейін Қазсушар қарауында болып, кейін Наркомзем Метеобюро және Қазсушар гидрологиялық бюросы негізінде құрылған, Гидрометеорологиялық комитет (ГИМЕКОМ) құрамына өтті. 1930 жылдардың басында ГИМЕКОМ құрамына басқа ведомстволармен 102 гидрологиялық пост тапсырылды. 1940 жылдары 175 гидрологиялық бекет әрекет ете бастады.

Қазақстандағы алғашқы қысқа мерзiмдi гидрологиялық болжамдар 1936 жылы, ал ұзақ мерзiмдi болжамдар -1940 жылы  Ертiс алабы бойынша Г.Р.Юнусовпен шығарыла бастады. Отан соғысы гидрометқызметтің дамуын бiрнеше жылға кешіктірді.

1954...1956 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру басталғанда, метеорологиялық және агрометеорологиялық бақылаулармен қатар су қорларын зерттеу дамып, қосымша гидрологиялық бақылау  бекеттері ашылды.

70-шi жылдардың басында Қазақстанның гидрометеорологиялық желісі қалыптаса бастады және зерттеу мақсаттары мен халық шаруашылығының практикалық сұраныстарына жауап берді. Гидрологиялық бекеттердің жалпы саны 418 жетіп, олардың 338 су ағынын, 146 тасындылар ағынын, 193 судың химиялық құрамына бақылау жасады. Су бетiнен булануды өлшейтін 47 бекет жұмыс iстедi. Iрi су жиналымдар тәртібін және ағынның құрылу ерекшеліктерін зерттеу мақсатында мамандандырылған обсерваториялар, кешенді станциялар ұйымдастырылды. Қазгидромет гидрологиялық бақылау бекеттерінің максимум саны 1981 жылы - 506 ГБ жетті.

Гидромет қызметі 1995 жылдан 1999 жыл аралығында бірнеше рет жаңартылып, мемлекеттiк органдар жүйесiнде мәртебесi өзгердi, гидробекеттер желісі қысқарды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 2 наурызындағы № 185 қаулысымен республикалық гидромет қызметі Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны болып қайта құрылды.

21 ғасырда, тәуелсіздік алғаннан кейін, гидрологиялық қызмет те дами бастады. 1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін гидрологиялық желі 2 есеге дерлік көбейді, 160-тан 307 ГБ дейін.

Қазгидромет қазiргі таңда гидрометеорологиялық қызмет көрсетудi жақсартуға, қоршаған ортаға мониторинг жүйесін дамытуға, телебайланыс құралдарын және мәліметтерді өңдеуді жаңғыртуға, бақылау желісінің заманауи техникалық жабдықтарын дамытуға, сонымен қатар жаңа бақылау пунктерін ашуға үлкен ықылас қоюда. Қазгидромет халықаралық бағдарламалардың және жобалардың орындалуына белсене қатысады.

Қазақстанда соңғы кездері су ресурстарын басқаруды жақсарту мәселесіне және су шаруашылығы саясаты бойынша көрші елдермен келісімге көп көңіл бөлінуде. Осыған орай, өзен суларының жалпы, жергілікті және транзитті ресурстарын жедел бағалау үлкен қызығушылық тудыруда.

Өзен суларының қоры - табиғи экожүйе жағдайын және жергілікті тұрғындардың санитарлы - эпидемиологиялық шартын анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып, маңызды экологиялық мәнге ие. Су шаруашылық алабтарының жыл сайынғы ресурстарын анықтау әдістемесін құру және су кадастрының жыл сайынғы шығарылымы - Республикамыздың жалпы және жекелеген су шаруашылық аумақтарының жер беті және жер асты су ресурстары жөнінде тек қана маңызды стратегиялық ақпаратпен үкіметтік және шаруашылық органдарды қамтамасыз етуді жақсартуға елеулі мүмкіндік береді. Өйткені, Қазақстан Республикасының негізгі өзендері трансшекаралық су ағындары болғандықтан ҚХР, Орталық Азия республикалары және РФ шекарасында орналасқан осы өзендер алаптарының жоғарғы бөлігінде жыл сайынғы су тұтынудың бағалауын анықтау қажеттілігі туындайды. Бұл мәселенің шешілуі - осы өзендердің су ресурстарын басқарудағы мемлекетаралық мәселелерді шешуге едәуір арттыруға елеулі үлес қосады.

Қазіргі уақытта жылдық және көпжылдық су ресурстарына климаттың антропогендік өзгеруінің тигізетін әсерін бағалау бойынша жүйелі түрде зерттеулер жүргізу қажет Бұл зерттеулер негізінде ғана, климаттың антропогендік өзгерісі жағдайында су ресурстарының болып жатқан және болатын өзгерістер шартында Қазақстан Республикасының су шаруашылығы мен экономикасының бейімделу мәселесі шешімін табады.

Гидрологиялық қызмет жетекшілігін директор басқаратын, Гидрология департаменті (ГД) атқарады.

ГД құрамына:

Гидрологиялық мониторинг басқармасы;

Гидрологиялық болжаулар басқармасы;

Мемлекеттік су кадастры басқармасы;

Қар көшкіндерін бақылауы және болжау бөлімі.

Гидрологиялық мониторинг басқармасы

 

Гидрологиялық мониторинг басқармасының (бұдан әрі - ГМБ) негізгі міндеттері - гидрологиялық бақылау желісін сапалы жұмыспын қамтамасыз ету, гидрологиялық мониторинг жүргізу бойынша бөлімшелер желісінің жұмысын үйлестіру, гидрологиялық бақылау жүргізу мәселелері бойынша облыстық филиалдардың гидрология бөлімдеріне әдістемелік басшылық ету болып табылады.

ГМБ мыналарды жүзеге асырады:

Гидрометеорологиялық станциялар мен бекеттер Жадынамасы (бұдан әрі – Жадынамалар) және методикалық әдістемелер талаптарын сақтау бойынша құрылымдық гидрологиялық бөлімшелеріне әдістемелік басшылық ету және үйлестіру;

Гидрометеорологиялық бақылаулардың Жадынамалар талаптарына сай екенін бақылауда ұстау мақсатында аймақтық бөлімшелерді инспекциялау;

гидрометеорологиялық ақпараттың жедел түсуін бақылап, туындаған проблемаларды шешу бойынша Қазгидромет бөлімшелерімен бірлесіп, шаралар қабылдайды;

стансалар  мен бекеттерге гидрологиялық бақылауларды бақылау мен өңдеу бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу;

жаңадан бекеттерді ашу мен құрылымдық бөлімшелерді өлшеу құралдарымен жабдықтау бойынша ұсыныс жасау, гидрологиялық желілердегі сапалы құралдардың болуын қадағалау;

жаңа техниканы, автоматтандырылған бақылау құралдарын ендіру;

стандартты емес жағдайлардағы гидрологиялық бақылау жүргізуде әдістемелік ұсыныстар әзірлеу;

гидрологиялық желілердің жұмыс жоспарынының сапалы орындалуын қамтамасыз ету бойынша мәселелерді жедел шешу;

Гидрометеорологиялық желіні дамытудың перспективалық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу.

 

 

 

 

 

 

 

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?