РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 27 желтоқсан 2016 01:35, Изменено: 02 тамыз 2017 09:16

Соңғы уақытта Каспий теңізінің акваториясын белсенді шаруашылық игерілуіне байланысты оның антропогендік әсерге ұшырауы үдей түсуде. Осы жағдайда оның экологиялық жағдайын, теңіздің гидрологиялық тәртібін және оның өзгерістерін анықтап білудің практикалық маңызы бар. Бірақ, гидрологиялық тәртіп, әсіресе оның ауыспалығы нашар зерттелген. Бақылау мәліметтердің жетіспеуі нәтижінде теңіз режимін матемтатикалық үлгілеудің ролі елеулі ұлғайды, өйткені антропогендік әсерді есепке ала отырып судың гидрологиялық жағдайын анықтау және болжау жөніндегі сандық тәжірибелерді материалдық шығынсыз жүргізуге болады. Мұндай әдіс, ауыспалы деңгейді табиғи мәліметтер бойынша гидродинамикалық үлгілеумен және сандық тәжірибелермен ұштастыра зерттеу ғылыми талдаудың мүмкіндігін кеңейте түседі.

Каспий теңізі деңгейінің өзгермелігін сандық гидродинамикалық үлгілеу жолы арқылы негізінен төмендегі міндеттер шешіледі.

  • физико-географиялық  жағдайда теңіз деңгейінің өзгермелігін қалыптастыратын әртүрлі факторларды анықтау;
  • деңгейді есептеу әдісін және гидротехнологиялық, өнеркәсіптік және коммуналдық жобалау мен құрлыстықа аса қауіпті мінездемесін жасау;
  • жеткіліксіз немесе табиғи мәлеттермен қамтылмаған облыстарда деңгей ауыспалығы тәртібін зерттеу;
  • әртүрлі ірі шаруашылық шараларды іске асыру кезінде (бөгеттер салу, қорғаныс дамбаларын салу және т.б.) болашақ деңгей тәртібін бағалау;
  • деңгей ауыспалылығын болжау әдістерін жасау.

Көрсетілген міндеттерді шешу үшін Дат гидравликалық институты жасаған MIKE 21 гидродинамикалық модулі пайдалынылады. MIKE 21 гидродинамикалық модулі барлық үлгілеу жүйесінің негізгі модулі болып табылады және есептеу үшін гидродинамикалық базисті қамтамасыз етеді. Ол су қоймаларындағы су деңгейінің өзгеру үлгісін жасайды. Батриметриялық мәліметтер, су түбінің кедір-бұдыр коэффициенттері, жел бағыты, гидрографиялық шекара шарттары және т.б. жағдайда су деңгейі және ағыстар тікбұрышты координаттық торда ажырамас деңгей жүйесін шешеді және екі көлденең өлшемдегі қозғалыс санын сақтайды және атмосфералық құбылыстар процессі әсерінен тез өзгеретін осы қабаттың төмен орналасқан қабаттар динамикасына әсер етуін зерттейді.

Қазақстандық жағалаудың әр-түрлі аудандары үшін Каспий теңізіндегі шоғырлану-қуғындау құбылыстарын болжау

Теңіз деңгейінің шоғырлану-қуғындау тербелісі атмосфералық қысым мен желдің әсерінен теңіз деңгейінің қысқа уақытты периодті емес өзгерісі болып табылады. Осының нәтижесінде теңіздің беткі қабатында судың үдемелі қозғалысы пайда болады. Кең таяз, құрлық пен кіші еңістік түбі, жағалаулық кескін үйлесімі жел белсенді әрекеті Солтүстік Каспий үшін су деңгейінің өзгеруіне қолайлы жағдай туғызады. Каспий маңы ойпаттында шоғырлану-қуғындау құбылыстары әсерінен гидрологиялық-морфологиялық, гидрохимиялық және экологиялық құбылыстардың едәуір өзгеріске ұшырайды.

Қазіргі кезде Каспий теңізінің жоғарғы фондық деңгейлік қуғындау құбылысы ертеректе су баспаған жерлерді судың басып кетуіне, сөйтіп шаруашылық объектелеріне, халыққа, аймақтық экологиясына үлкен шығындар әкелуде.Солтүстік Каспийде  шоғырлану құбылысы кезінде теңіз деңгейі 2,5 м-ге жетуі мүмкін. Бұл су тоғанның жұмыс істеуін бұзады, порт акваториясының және теңіз кемелері жүретін каналдардың саяздануына,  уылдырық шашу аудандарының және бағалы  кәсіпшілік  балықтардың, бірінші кезекте –бекіре тұқымдас балықтардың жағалаулық аумағы ландшафтық құрылысының өзгеруіне, жағалық аудандардың бос қалуына әкеп соқтырады. Шоғырлану кезінде жаға жанындағы кең таяз сулы жерлер, сонымен қатар Оралдың сағалары да кебеді, соның нәтижесінде су қоймалары мен шалшықтардағы балықтар өліп қалады, аулау құралы кеуіп және балық кәсібі тоқтатылады. Теңіздің жағадан қашықтау ашық бөлігінде едәуір шоғырлану кезінде кеменің жүру жағдайы нашарлады, олар аз жүкпен жүреді. Маңғышлақ босағасында шоғырлану кеме жүрісін шектейді.

Дауылдық шоғырланудан (қуғындаудан) дер кезінде (болжамдау) сақтандырса  шығын едәуір төмен болар еді.

Болжау Каспий теңізімен шектесетін Қазақстанның екі экономикалық ауданы (Атырау және Мағыстау) болжау аптасына 2 рет кесте түрінде жасалады. Болжаудың негізгі Еуропалық ауа-райын болжау орталығының сандық болжауы болып табылады. Теңіз деңгейінің болжамы морфомтриялық шарты және өзіндік синоптикалық процестері ескере отырып дамып келе жатқан, таңдап алынған сегіз пунктер үшін. Теңіз деңгейінің үздіксіз есебі (болжау) 1 сағат, алдын-алу 120 сағатқа дейін (5 тәулік). Сонымен қатар кестеде максимум, минимум және орташа деңгейдің болжау кезеңі көрсетілген. Қауіп-қатер кезінде қауіпті шоғырлану және қуғындау құбылыстары пайда болғанда теңіз болжамы күнделікті нақтыланады. Осы кестелердің негізінде болжамның  нақтылығын гидродинамикалық әдістін өлшенген және болжамдалған теңіз деңгейін салыстыру жолымен бағалау орындалады. Төменде Солтүстік және Орта Каспий үшін  болжау кестесін жасаудың  мысалы келтірілген.

Қазгидрометте  жасалған теңіз деңгейінің ауыспалылығын болжау жүйесі тұтынушының кез-келген пункт бойынша сұраған болжамын жасап беруге мүмкіншілік береді.

Каспий теңізі бойынша апталық бюллетень

Гидродинамикалық үлгілеу бойынша алынған нәтижелер негізінде теңіз деңгейінің болжамы құрастырылады, және бюллетеннің электронды және баспалық түрлері шығарылады.

Каспий теңізі бойынша жазғы апталық бюллетенде алдыңғы апта ішіндегі теңіз жағдайына шолу келтіріледі, графикалық түрде оның деңгейі туралы 5 күн бұрынғы болжау беріледі, сондай-ақ бақылау пунктерінің орналасу схемамаларын және Каспий деңгейінің болжамын келтіреміз. Біздің бюллетенімізде Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалаудағы шоғырлану-қуғындау құбылыстарының қауіпті критерий кестесі келтірілген және алдын-алу кезеңі таңдап алынған пунктер кестесінде максималды, минималды және теңіз деңгейдің орта мәні көрсетіледі.

Қыс кезінде қыстық нұсқасы шығарылады. Онда Каспий теңізі су бетінің күйі көрсетіледі, теңіздің қатып қалмайтын бөлігінің божау деңгейі беріледі, сонымен қатар қыстық бюллетенде қазақстандық бекеттердегі мұздың жағдайына шолу және ғарыштық суреттер беріліп, теңіздік стансалар бойынша су температурасы график түрінде келтіріледі.

Толқындану болжамдары

Орта Каспийдың аудан үшiн толқындық жағдайдың болжамдары үлкен мән алады. Осы жағдайға қарай толқындық болжамын әдiстеме жұмысқа өңделген.  Казгидромет қазiргi уақытта Каспий теңiзiнiң үш квадрат үшiн және Баутино, Құрық үшін 5 тәулiктi шамаушылықпен болжамдар шығарады.  Шарт бойыеша мұнай шығарудың аудан үшiн болжамдар шығарылады. Кiретiн сипаттама Еуропалық орта мерзiмдi ауа-райының болжамдарының орталықтан ақпараты пайдаланады.

Каспий теңізінің мұздық жағдайының мониторингі

Қыс кезеңінде Каспий теңізінің мұздық жағдайына шолу жасайтын апталық бюллетень шығарылады. Мұз кезеңі аяқталғаннан кейін жедел бақылау материалдары туралы әрбір гидрометеорологиялық бекеттер жыл сайын Каспий теңізінің мұздық тәртібінің негізгі сипаттамасының құрама кестесі құрастырылып, одан кейін ²Қазақстан жағалауы, Каспий теңізінің су режимі туралы жылдық мәліметтерінде² жарияланады.

Каспий теңізі мұздық режимінің негізгі элементтері туралы мәлім ету

Мұздың пайда болуы

Ауа температурасы күзде 00С арқылы өту күнінің тұрақтылығы

Су температурасы күзде 00С арқылы өту күнінің тұрақтылығы

Алғашқы мұздың пайда болу күні

Тұрақты мұз пайда болуының орнау күні

Бірінші жағалықтар немесе мұз қатуының бастапқы күні

Тұрақты мұз қату пайда болуының бастапқы күні

Мұз жетуінің пайда болу күні

Мұз қату енінің тұрақты шамасы

Толық қату

Бекеттердің аталуы

Ең үлкен мұз қатудың ені,км

Толық қатудың бірінші күні

Толық қатудың соңғы күні

Ең үлкен өлшенген мұздың қалыңдығы,см

Ең үлкен мұз қалыңдығының бақылау күні

Еруі мен бұзылуы

Бекеттердің аталуы

Ауа температурасының көктемде 00С арқылы өту күнінің тұрақтылығы

Су температурасының көктемде 00С арқылы өту күнінің тұрақтылығы

Қар қылауының пайда болу күні

Қар еріп ашылған жерінің пайда болу күні

Мұздық жағалауының орнау күні

Сыну немесе бірінші мұз қатудың жылжуының бастапқы күні

Бірлі-жарым мұздардан тазарылуы

Бекеттердің аталуы

Мұз қатудың бұзылуының соңғы күні

Тазарудың бірінші күні

Толығымен тазару күні

Мұзбен күндер саны

Мұз кезеңіндегі мұзсыз күндер саны

Ескерту

Одан басқа, мұз режимінің шолуы ²Каспий теңізі су режимінің жылдық мәліметтерінде² жарияланады. 

 

Өнімдер:

- Kаспий теңізінің бюллетені

- Oрта  және Солтүстік каспийдың әртүрлі нүктелерiндегi каспий теңiзiнiң деңгейiнiң болжамдық мәні

- Каспий теңізіндегі орта бөлімінің теңіз толқындар бюллетені

- Шоғырландыру-құғындау құбылыстар бойынша шолу

- Солтүстік каспий теңізінің мұз жағдайы бойынша шолу

- Бес күнге теңіздің толқындану және жел болжамы

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?