РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 17 наурыз 2017 17:50, Изменено: 01 тамыз 2017 15:58

Қазақстан бойынша жылы жартыжылдыққа арналған ауа-райы болжамы (2017ж сәуір-қазан)

2017 ж. 17 наурыз

Сәуір айында қазақстандықтарды суық пен жылы кезең кезекпен алмасып тұратын тұрақсыз ауа-райы күтілуде. 

Айдың басында суық, желді, жауын-шашынды  және  көктайғақ құбылыстары болып, артынша жылы ауа массаларының шығуымен, Қазақстанның бүкіл аумағында осы мезгілге тән емес жылы, ал оңтүстікте тіпті ыстық ауа-райы орнайды. Термометр бағаны күндіз:

еліміздің солтүстігі,  шығысы  мен  орталығында 18 ... 10 С жылыны;

батысында 15 ... 23 жылыны;

оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында  20 ... 25 жылыны көрсетеді.

Содан кейін, айдың ортасында, еліміздің  аумағын  кезекті суық толқындар жабады,  солтүстік  жартысы  аралас фазадағы жауын-шашынды және оңтүстігінде, жаңбыр болып, термометр бағандары:

солтүстік  жартысында  түнде 2 градус аязға дейін ... 3 градус жылыға дейін, күндіз  3 .... 8 жылыға дейін;

оңтүстік  жартысында  түнде  3 ... 10 градус  жылыға дейін, күндіз  10 ... 15 жылыға дейін төмендейді.

Айдың үшінші онкүндігінде ауа температурасы жылы және жаңбырлы:

солтүстік жартысында  5 ... 10 градусқа дейін жылы, күндіз 10 ... 15 жылы;

оңтүстік жартысында 10 ... 15 градусқа дейін жылы, 15 ... 20 жылы болады деп күтілуде.

осы жылғы көктем тұрақсыз, наурыз айында ауа-райы жылы күндерімен  қуантты,  бірақ  бұлтты  қарлы  күндермен ауысып отырды. Сонда да, синоптиктер  Наурызға қолайсыз болжам  береді: Қазақстанның батысы, оңтүстігі  мен шығысында жауын-шашын болады, тек республиканың орталығында және солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, республиканың шығысында төменнен соққан бұрқасын күтілуде.

Батыста: кей жерде жауын-шашын, тұман, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 20 аяз-30 жылы, кей жерде 5-10 аяз, аймақтың оңтүстігінде 2-7 жылы, күндіз 0-5, кей жерде 10, оңтүстікте 160 дейін жылы;

солтүстік-батыста: кезеңнің екінші жартысында кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ. Кей жерде тұман, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 13-23, аймақтың оңтүстігінде 3-8 аяз, күндіз 0-10 аяз, оңтүстікте 70 дейін жылы;

солтүстікте: жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман. Түнгі температура 15-23 аяз, күндіз 0-10 аяз;

орталықта: жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 10-25 аяз, күндіз 0-10 аяз, кей жерде 0-5 жылы;

шығыста: кей жерлерде қар, тұман, төменнен соққан боран, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 10-22 аяз, күндіз 0-12 аяз;

оңтүстікте және оңтүстік-шығыста: бүкіл кезең бойы жауын-шашын, тұман, жел 15-20 м/с. Түнгі температура 2-13 аяз, күндіз 2-12 жылы.

Синоптиктердің болжамы бойынша, мамыр айында ауа-райы тұрақсыз болады деп күтілуде: жылы және кейде жаз күніндей ыстық күндері  қайта келген суыққа ауысып, түнде  ауа-райы қатқақ суық болады деп күтілуде. Солай бола тұра, айдың басында және ортасында арктикалық теңіз суларының салдарынан туындаған  суық ауа массалары  дымқыл қарды шақыруы  мүмкін.

Биылғы жаз ыстық болады деп күтілуде (1...2 ° C қалыпты нормадан жоғары) және негізінен құрғақ, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысын  қоспағанда, кейде солтүстiк-шығыс аймақтарда, қатты найзағай температураның күрт өзгеруі, тіпті бұршақ болуы күтілуде.  Күнілгері болжам бойынша қыркүйек салқын болады. Солтүстік және шығыс аймақтың тұрғындары қыстың алғашқы дайындығын айдың аяғында сезіне бастауы мүмкін.    

Қазанда қазақстандықтар халық күнтізбесінде «қоңыр күз» деп аталатын, жайма шуақ ауа-райымен рахаттанады.

Температура бойынша 65%, жауын-шашын бойынша  60 % дәлелділігін ескере отырып, мезгілдік болжамды консультациялық болжам ретінде қолдану керек, ол кейіннен айға, онкүндікке және одан да қысқа мерзімдерге арналған ауа-райы болжамдарымен нақтыланатын болады.

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?