РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 29 қыркүйек 2019 12:15, Изменено: 22 қараша 2019 11:11

2019 жылғы 21-шы қараша күндіз және 22-ші қараша түнде бақыланған нақты ауа-райына шолу.

     Күндіз Солтүстік-Қазақстан облысында басым бөлігінде аздаған қар жауды, түнде жекелеген ауданында жел 20-24 м/с күшейді. Күндіз Шығыс-Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерінде аздаған қар жауды. Алматы облысында күндіз басым бөлігінде, түнде кей жерлерде қар жауды, кей жерлерде тұман бақыланды, түнде жекелеген ауданында жел 16 м/с күшейді. Жамбыл облысында кей жерлерде қар жауды, күндіз жекелеген ауданында тұман бақыланды. Түркістан облысында кей жерлерде жауын шашын жауды, күндіз жекелеген ауданында жел 16-19 м/с күшейді, түнде жекелеген ауданында тұман бақыланды. Күндіз Манғыстау облысында кей жерлерінде аздаған қар жауды, жел 15-19 м/с күшейді. Қызылорда облысында жекелеген ауданында жел 16-22 м/с күшейді. Павлодар облысында күндіз басым бөлігінде аздаған қар жауды, түнде кей жерлерінде қар жауды.