РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 03 ақпан 2017 18:47, Изменено: 03 шілде 2017 17:49

Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі - Қазақстан Республикасының елді мекендерінде атмосфералық ауаның ластануының жай-күйіне бақылау жасау жүйесі.  Атмосфералық ауа жай-күйіне бақылаулар республиканың ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарында жүргізіледі. Қазіргі таңда атмосфералық ауа жай-күйіне бақылау республиканың 46 елді - мекеніндегі  146 бақылау бекеттерінде, оның ішінде  56 қол күшімен сынама алынатын бекеттер және 90 автоматтық бекттерде жүргізіледі. Сонымен қатар, бақылаулар 14 жылжымалы зертханалар көмегімен жүргізіледі.

         Атмосфералық ауа жай - күйіне бақылаулар келесідей:   

  • толық емес бағдарлама бойынша (тәулігіне 3 рет -  жергілікті уақыт

бойынша сағ. 07,13,19);

  • толық бағдарлама бойынша (тәулігіне 4 рет-  жергілікті уақыт бойынша сағ. 01, 07,13,19);
  • қысқартылған бағдарлама бойынша (екі рет 07 және 13сағ.);
  • үздіксіз режимде  90 автоматты бекеттерде жүргізіледі. 

          Атмосфералық ауа ластануын зерделеген кезде 34 ластаушы заттар, келесі қалқыма затта (щаң), РМ - 2,5 қалқыма бөлшектері, РМ -10 қалқыма бөлшектері, азот диоксиді, азот оксиді, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, көміртегі диоксиді, күкірт қышқылы, ерігіш сульфаттар, фторлы сутегі, хлор, хлорлы сутегі, күшәла қосындысы, аммиак, күкіртсугеі, озон, фенол, формальдегид, бензол, этилбензол, бензин, бенз(а)пирен, көмірсутегі жиынтығы, метан, кадмий, мыс, қорғасын, хром, марганец, кобальт, цинк, бериллий анықталады.  

Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйінің мониторингі - атмосфераның ластануының көрсеткіші болатын атмосфералық жуын - шашынның химиялық құрамына бақылау жасау, сондай-ақ қыс кезінде атмосфераның өңірлік ластануын бағалау және елді мекендер мен өнеркәсіп объектілерін ластаушы заттардың таралу ауқымын анықтау үшін қар қабатындағы заттардың болуына бақылау жасау жүйесі.    

Атмосфералық жауын-шашын және қар жамылғысы жай-күйіне бақылаулар Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Жауын-шашын және қар сынамаларында мыналар:

- аниондар -сульфаттар, хлоридтер, нитраттар;

- катиондар - аммоний, натрий, калий, кальций, магний;

-  микроэлементер - қорғасын, жез, кадмий, күшәла;

- қышқылдық;

-  меншікті электр өткізгіштігі анықталады. 

            Атмосфералық жауын-шашын үшін бақылаулар күнделікті 46 метеостансада жүргізіледі. Қар жамылғысындағы ластаушы заттардың барлығына бақылаулар жылына бір рет, қардағы ылғал қорының максималды жиналуы кезеңінде жүргізіледі. Қар жамылғысының химиялық құрамы үшін Қазгидрометтің бақылау желісі  39 метеостансаны қамтиды.   

Радиациялық мониторинг - атмосфераның жерге жақын  қабатының радиациялық ластануы үшін бақылау жазық планшеттармен ауа сынамаларын алу жолымен жүзеге асырылады, сондай ақ гамма-сәуленену мөлшері қуаттылығына  радиометрикалық зерттеулер жүргізіледі.

         Радиациялық мониторингтің бақылау желісі мыналарды: 
 -        43 метеостансада - жиынтық бета – белсенділікті анықтауды;  
-         85 метеостансада, 23 автоматтық бекеттерде, 44 елді мекендерде гамма-сәулененудің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын өлшеуді қамтиды.

Топырақ жай-күйінің мониторингі  - топырақ жай-күйіне бақылаулар 65 бақылау пункттерінде жүргізіледі. Сынамалар жылына екі рет бес белгілі бір нүктелердегі қалалар шетінен және өнеркәсіп орталықтарынан одан әрі ауыр металдардың (қорғасын, мырыш, кадмий, жез, хром) бар болуын анықтаумен алынады.

Радиациялық мониторингтің бақылау желісі мыналарды: 
 -        43 метеостансада - жиынтық бета – белсенділікті анықтауды;  
-         85 метеостансада, 23 автоматтық бекеттерде, 44 елді мекендерде гамма-сәулененудің экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын өлшеуді қамтиды.

Жер үсті сулары сапасының жай-күйінің мониторингі -  жер үсті суларының ластануын бақылау пунктерінің көбі гидрологиялық стансалар және бекетттермен біріктірілген. Бұл ретте, тек қана гидрохимиялық  емес, сондай-ақ гидрологиялық сипаттамаларды (су өтімі мен деңгейінің, ағыстың орташа жылдамдығын) анықтау міндетті болып табылады.

         Жер үсті сулары жай-күйіне бақылау желісі 133 су объектінде, оның ішінде 86 өзенде, 28 көлде, 14 су қоймасында, 4 арнада және 1 теңізде  орналасқан 404 тұстамада жүргізіледі. Алынатын су сынамаларындағы жер үсті суларының ластануын зерделеген кезде, су сапасының  60-тан астам физикалық-химиялық көрсеткіштерін, соның ішінде температура, су шығыны, қалқыма заттар, түстілігі, мөлдірлігі, сутегі көрсеткіші, ерігіш оттегі, ОБТ-5, ОХТ, басты иондар, биогенді элементтер және негізгі ластаушы заттар: мұнай өнімдері, фенолдар, ауыр металдар, пестицидттер анықталады.

Трансшекаралық ағынды сулар мониторингісі – ҚР тарнсшекаралық өзендері ерекше дәрежеге ие, және тарнсшекаралық өзендер суы сапасын бақылау трансшекаралық ағынды суларды және халықаралық көлдер және Қазақстан Республикасы - Қытай Халық Республикасы, Қазақстан Республикасы - Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы - Қырғызстан Республикасы арасындағы халықаралық келісімдерді пайдалану және қорғау бойынша Конвенция шегінде регламенттеледі.

Тарнсшекаралық өзендердегі мониторингтік зерттеу нәтижелері су нысандарына ластаушы заттардың әсерін бағалауға, ластаушы заттардың балансын анықтауға, түптік шөгінділердегі ластаушы заттардың өзімен-өзі тазару және жинақталу процесін зерттеуге,  өзендер сағасындағы тұстамалар арқылы ластаушы заттар шығарылымының сандық және сапалық бағасын жасауға, сонымен қатар белгілі мемлекеттермен өзендердің шекаралық аумақтарында тарнсшекаралық  тасымалдау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

«Қазгидромет» РМК Қытай, Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасымен шекаралас 31 тансшекаралық өзенде жер үсті сулары сапасының жай-күйінің мониторингісін жүргізеді.

АЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ - Қазақстанда биосфера ластануының аялық жай-күйі және оның өзгеру үрдістері жөніндегі ақпаратты алу мақсатында Ақмола облысында «Бурабай» табиғи ортасының кешенді аялық мониторингісінің бір стансасы (КАМС) ұйымдастырылды.


Шығарылатын өнімнің түрлері

Желіде жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша келесі ақпараттық бюллетендер шығарылады: 

  • Қазақстан Республикасының қоршаған орта жай-күйі жөніндегі ақпараттық бюллетендер;
  • Арал маңы тұрғындарының денсаулығы мен қоршаған орта жай-күйі туралы бюллетендер;  
  • «Морпорт Ақтау» Арнайы экономикалық аумағының қоршаған орта жай-күйі туралы бюллетендер;
  • Балқаш - Алакөл көлдер жүйесі алабының қоршаған орта жай-күйі туралы бюллетендер;
  • Каспий теңізі қазақстандық бөлігінің қоршаған орта жай-күйі туралы бюллетендер;
  • Щучье-Бурабай  курорттық аймағының қоршаған орта жай-күйі туралы бюллетендер;
  • Нұра өзені алабының қоршаған орта жай-күйі туралы бюллетендер;
  • Қоршаған орта нысандарындағы уытты заттардың трансшекаралық тасымалдануы туралы бюллетендер;
  • Қоршаған ортаның жоғары(ЖЛ) және экстремальді жоғары ластануы(ЭЖЛ) жөніндегі шұғыл ақпарат;
  • Қоршаған орта ластануының аялық жай-күйі жөніндегі анықтамалар.
                                                                         

 

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?