РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 26 желтоқсан 2016 05:14, Изменено: 05 сәуір 2017 12:29

Қазақстан гидрометқызметінің негізі 1922 жылдың қаңтарында салынған. Қазіргі таңда бұл Энергетика министрлігінің ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорыны. ҚР Үкіметі 1999 жылдың 2 науырызындағы №185 Қаулысымен оған Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорын – РМК «Қазгидромет» мәртебесі берілген. Бүгінгі күні РМК «Қазгидромет» құрамына Қазақстан Республикасы әр облысының және Алматы мен Астана қалаларының 14 еншілес мемлекеттік кәсіпорындары кіреді, онда 3,5 мыңнан астам жұмыс істейді. Елімізде 328 метеостанса, оның 83 халықаралық мәртебеге ие және ғаламдық желіге кіреді. Осы стансаларда бақыланған ауа-райы әлемдік дерек орталығына беріледі. Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК 307 гидрологиялық  бекеттер бар, онда химиялық талдауға су сынамалары алынып, өзендер мен көлдердің су мөлшерлері есептелінеді. Зертханалық  жағдайда гидрохимиялық және гидробиологиялық саралаулар ластаушы элементтердің 70-тен аса түріне жасалынады. Сондай-ақ, «Қазгидромет» РМК, агрометеорологиялық және экологиялық ақпарат береді және бекітілген бағаға сай жұмыстың жеке түрлеріне қызмет көрсетеді.

"Қазгидромет" РМК 192 мемлекеттердің Қызметтерімен бірге Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі және Жер атмосферасының жай-күйі мен мінезі, оның мұхиттармен өзара әрекеті, құрылатын климат және туындайтын су ресурстарын бөлу мәселелері жөніндегі БҰҰ жүйесінің беделді ақпарат көзі болып табылатын Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымға (ДМҰ) кіреді.


«Қазгидромет» РМК - қауіпті және апатты табиғат құбылыстарына дауылды ескертулер жасайтын, кез келген ұйымды ресми ақпаратпен қамтамасыз ететін  құқылы заңды орган.
Бүгінгі«Қазгидромет» РМК ішкі және сыртқы саясаттың негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді қатысады. Сонымен қатар Қазақстан ДМҰ мүше-мемлекеттерімен бірге 21 ғасырдағы адамзатқа төнген табиғат қауіптерімен күресуге белсенді қатысуда.

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?