РМК «Қазгидромет»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ
ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ
Добавлено: 29 қыркүйек 2019 14:35, Изменено: 22 қараша 2019 14:46

Қазақстан аймақтарында 2019 жылғы 23 қарашада болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау–консультациясы

             

                  Антициклон жотасының әсерінен республиканың басым бөлігінде көбінесе жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі, тек солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандардан атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді.  

                        Жамбыл облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Жаланашколь ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 18 м/с күшейеді.