РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 29 маусым 2018 12:30, Изменено: 20 қыркүйек 2019 13:37

Оңтүстікте және шығыста ыстық демалыс

2019 жылғы 20-22 қыркүйекке арналған болжам

Атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс бөлігіне ығысып, республиканың батыс және солтүстік-батыс аймақтарында бұлтты, жауын-шашынды ауа-райын және ауа температурасының төмендеуін әкеледі. Жексенбі күні атмосфералық фронттар солтүстік, орталық және оңтүстік, ал дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жетіп, бұл аймақтарда да жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды. Бірақ демалыс күндері әлі де жылы болады, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық аймақтарда максималды ауа температурасы плюс 30…38°С күтіліп, климаттық нормадан 4…8°С жоғары болады.