РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 04 сәуір 2017 18:53, Изменено: 30 қыркүйек 2017 19:27

Марат Полатұлы Кынатов 

"Қазгидромет" РМК бас директоры

1960 ж. 17.04. Шымкент қ. дүниеге келген. 1982 ж. Қазақ химия-технологиялық институтын бітірді, инженер-технолог. Техникалық ғылымдардың кандидаты ғылыми дәрежесі бар (диссертация тақырыбы «Залалсыздандырылған фосфор-шлакты қуырушы» (1992 ж.). 
Біріккен Вен Институтында (1994 ж.) және Гарвард университетінде (1995 ж.) халықаралық тағылымдамадан және курстардан өтті.  
 
Еңбек жолы:
  • Цемент зауытында ауысымды басқаратын шебер, аға инженер-технологы (1982-86 жж.);
  • «Стройпроект», Алматы ҒЗИ ғылыми қызметкері (1986 -93жж.); 
  • 1993 ж. бастап 2003 ж. дейін ҚР Мемлекеттік комитетінің Монополиялы қызметті шектеу жөніндегі департаментінде маман, бөлім басшысы, директоры, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде департамент директоры, ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінде департамент директоры, вице-министр лауазымдарында жұмыс атқарды. 
  • Қаржы ұйымдарында жұмыс тәжірибесі бар, 1995ж. – 1998 ж. ҚР Мемлекеттік Оңалту Банкінде бас маман, Департамент директоры, Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген. 
  • 2003 ж. бастап 2016 ж. дейін «KEGOC» АҚ Басқарушы директоры,  «ҚазҚуат» АҚ Басқармасының төрағасы (Мойнақ СЭС құрылысы, Шардара СЭС жаңғырту), «Жамбыл гидроэнерго» ЖШС директоры (жел, су, күн электростанцияларын ұйымдастыру), «Павлодар» АЭА Басқару компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы және «Инвестицияларды тарту бойынша агенттік» ЖШС директоры болып істеді. 
  • 2016 ж. 7 қыркүйегінен бастап  «Қазгидромет» РМК бас директоры. 


Мереке Абдрахметұлы Абдрахметов 

Бас директордың бірінші орынбасары

1959 жылдың 7 қарашасында Солтүстік Қазақстан  облысы, Москва ауданы, Бұлақ селосында дүниеге келген.

1977-1982 жылдар аралығында С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінде «инженер-метеоролог» мамандығы бойынша білім алған. 2014 жылы Астана қ. Қаржы академиясының «Қаржыгер» мамандығы бойынша магистратурасында оқыды.

Алғашқы еңбек жолын 1982-1992 жылдар аралығында Петропавловск  қаласының Авиаметеостансасында инженер-синоптик болып бастап, сол мекеменің аға инженер-синоптик қызметін атқарған.

1992-2015 жылдар аралығында «Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының  директоры қызметін атқарып келеді.

2015 жылдан бастап «Қазгидромет» РМК Бас директордың орынбасары.

 

Нұркен Қайырбекұлы Сұлтанов

Бас директордың орынбасары

1973 жылы туған, қазақ. Екі жоғары  білімі бар. 1977 жылы Петропавловск педагогикалық институтын, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін  бітірді.

Еңбек қызметін 1996 жылы  бастады. Астана қ. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінің жетекші  маманы, Астана қ. ҰҚК  «Алтын Әскер» РМК өндірістік бөлімнің бастығы,  Астана қ. «PULSAR NS» ЖШС директоры.

«Қазгидромет» РМК жүйесінде 2007 жылдан бастап, Гидрология орталығының директоры, Гидрометеорологиялық және экологиялық қызметтерді дамыту департаментінің директоры, Гидрометқамсыздандыру басқармасының директоры ретінде жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап «Солтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығы» Еншілес мемлекеттік кәсіпорынның директоры. 2011 және 2012 жылдары аралығында «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды. 

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?