РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 11 сәуір 2017 10:12, Изменено: 11 шілде 2017 11:39

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиал директоры

Серік Бияхметұлы Саиров

1967 жылы 26 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ұласты ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары, 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, құрлық гидрологиясы мамандығы бойынша тәмамдады. 2007 жылдың қыркүйек айында география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

Алғашқы еңбек жолын География институты зертханасының 1 санатты инженерінен бастап, оқытушыға дейін шыңдады. Кейіннен «Ақпараттық технологиялар институтының» қоғамдық қорының директоры, 2001 жылдан 2003 жылға дейінгі аралықта «Регион баспа үйі» ЖШС директоры болып жұмыс жасады.

2003 жылдан 2007 жылға дейін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің география кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарды.

2007 - 2013 жж.   «Қазгидромет» РМК «Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы» ЕМК басқарып, «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалын басқарды, «ЖерҒӨО» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының бірінші орынбасарының  міндетін атқарушысы, директорының міндетін атқарушысы лауазымдарында қызмет атқарды.

2013 жылғы «Қазгидромет» РМК Гидрология департаментінің директоры, «Қазгидромет» РМК Бас директордың бірінші орынбасары болып жұмыс жасады.

2017 ж. бастап Бас директордың ғылыми жұмыс бойынша орынбасары

С.Б.Саировтың жеке басшылығымен «Өлшеулерді орындау. Жер беті сулары. Макрозообентостың көрсеткіштері бойынша сапаны бағалау» әдістемесі әзірленді және РҚ Әділет министрлігі Интеллектулды меншік құқығы бойынша комитетінің инновациялық өнертабысы алынды. 2007-2010 жылдар аралығында бір география ғылымдарының кандидатын дайындады.

 

«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиал директордың орынбасары

Улжабаева Елена Николаевна

1963 ж. 9 мамырда дүниеге келді. 1985 жылы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін инженер-метеоролог мамандығы бойынша аяқтады.

 Венгрияда Ұлттық метеорологиялық қызмет базасында халықаралық (БӘМҰ) курстарынан (1999ж.), «Росгидромет»  мамандар және басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру МБМ институтынан өтті (1988ж., 2003ж.,2004ж.)

Еңбек қызметі:

ҚР темір жол қызметі инженер-синоптик, «Қазгидромет» РМК Гидрометцентр инженер-синоптик, жетекші инженер-синоптик (1985-1996 ж.ж.)

- Ауа райы бюросы маркетинг тобының жетекші инженері (1996-1998ж.ж.).

-«Қазгидромет» РМК халықаралық ынтымақтастығы және гидромет қамтамасыз ету Басқармасы, әкімшіліктің өндірістік бөлімінің жетекші инженері (1999-2008 ж.ж.).

- «Қазгидромет» РМК гидрометеорологиялық және экологиялық қызмет көрсетуді дамыту Департаменті маркетинг Басқармасының басшысы (2008-2009 ж.ж.).

 - Алматы қаласы ГМОГБД гидрометеорологиялық және экологиялық бөлімінің басшысы ( 2009-2012 ж.ж.).

2012 жылдың мамыр айынан бастап - «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиал директорының орынбасары.

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?