РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 29 наурыз 2017 16:17, Изменено: 26 сәуір 2017 16:36

Филиал директоры 

 

Ибраев Серік Мәуленұлы

          1982 жылы 15 шілдеде  Оңтүстік  Қазақстан облысы, Ленгер  қаласында дүниеге  келген. 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  университетінің  инженер-гидробиолог  мамандығы  бойынша  бітірген. 2009 жылы  Д.Қонаев  атындағы  гуманитарлық  университетінің заңгер  мамандығы  бойынша  тәмамдаған.

        Еңбек жолын 2007 жылы «Қазгидромет» РМК экологиялық мониторинг әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының жетекші инженер лауазымынан бастаған, 2010-2015 жж. аралығында  «Қазгидромет»РМК экологиялық мониторинг департаменті  экологиялық мониторинг әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының басшысы  лауазымын атқарды.

       2016 жылғы қарашадан «Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы директоры лауазымына тағайындалды.

 

 

Филиал директорының  орынбасары  

Төлебаев Қуандық  Жалғасбайұлы

          1981 жылы 10 қазанда  Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарбұлақ ауылында  дүниеге  келген. 2001 жылы Ақтөбе политехникалық колледжін техник-технолог  мамандығы  бойынша  бітірген. 2014 жылы Батыс Қазақстан  инженерлік- гуманитарлық университетін  экология  мамандығы  бойынша   тәмамдаған.

        Еңбек  жолын 2003 жылы  «Ақтөбе гидрометеорологиялық орталығы» ЕМК   байланыс торабы басшысы лауазымынан бастаған.

       2014 жылғы  тамыздан «Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы  бойынша  филиалы директорының орынбасары  лауазымына тағайындалды.

 

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?