РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 29 наурыз 2017 14:30, Изменено: 12 сәуір 2017 10:32

 Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры

 Жазыхбаев Маханбет Палыбекұлы, 1962 жылы дүниеге келген. Ұлты-қазақ.

Білімі: жоғары С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университеті, 1986 жылы бітірген. Мамандығы «Құрылық гидрологиясы»,  біліктілігі «Инженер-гидролог».

Еңбек қызметі:

1986 жылдан бастап Шымкент гидрометобсерваторияның судың мемлекеттік есебі бөлімінің  инженер-гидрологы.

1988 жылы Арал-Сырдарья гидрографиялық партияның  2 санатты инженері.

1991 жылы Чимкент гидрометорталығының кешенді гидрология бөлімінің бастығы.

1992 жылы Чимкент гидрометорталығының кешенді гидрология бөлімінің инженер-гидрологы.

1992 жылы 2 желтоқсанынан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық экология және биоресурстар басқармасынын су ресурстарын пайдалану мен қорғау бойынша  мемлекеттік бақылау бөлімінің  1санатты маманы болып  ауыстырылған.

1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық экология және биоресурстар басқармасынын су ресурстарын пайдалану мен қорғау бойынша  мемлекеттік бақылау бөлімінің жетекші маманы.

1998 жылы  «Казгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Оңтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының  директорының орынбасары болып тағайындалған.

2007 жылдың 16 шілдесінен бастап  қазіргі күнге дейін  Қазақстан Республикасы  Энергетика министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры.

Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша филиал директорының орынбасары

Дюсембаев Ержан Искендирович. 1967 жылы дүниеге келген.

Ұлты-қазақ.

Білімі: жоғары , Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,1991 жылы бітірген.  Мамандығы-«Метеорология», біліктілігі «Инженер-метеоролог».

Еңбек қызметі:

1991жылдан бастап Аль-Фараби атындағы Казақ мемлекеттік университетінде  география факультетінің метеорология кафедрасының аға-оқутушысы,ассистент.

1993 жылы Чимкент гидрометорталығының кешенді гидрология бөлімінің техник-гидрологы.

1994 жылы Чимкент гидрометорталығының метеорологиялық болжамдау бөлімінің инженер-синоптик болып жұмыс атқарған.

1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша филиал директорының орынбасары.

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?