РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 29 наурыз 2017 15:53, Изменено: 05 шілде 2018 09:25

«Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры

Нұржан Айтмағанбетұлы Шияп 

1982 жылы туылған, үйленген, үш баласы бар.

2004 жылы Көкшетау қ. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетін «Тау инженері» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. 2008 жылы Алматы қ. М.Тынышпаев атындағы транспорт және коммуникациялар Қазақ академиясын «Инженер» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2017 жылдан бастап Астана қ. Қаржы академиясында «Менеджмент» мамандығы бойынша оқу бастады.

Еңбек жолын 2004 жылы «Теміржол жөндеу» АҚ (Астана қ.) маркетинг және даму бөлімінің қамтамасыз ету секторының жетекші инженері болып бастап 2007 жылы «Теміржол жөндеу» АҚ маркетинг және даму бөлімінің  бас маманы лауазымына тағайындалды.

2008-2009 ж.ж. «ҚазҚТҒЗИ» ЖШС (Астана қ.) жобалау институтында инженер эколог болып жұмыс істеді. 2009 жылы «Қазгидромет» РМК жүйесіне маркетинг және қызметтерді дамыту басқармасына жетекші инженер болып орналасты. Одан әрі 2009-2015 ж.ж. аралығында «Қазгидромет» РМК маркетинг және қызметтерді дамыту басқармасының бастығы болды. 2015 ж. қыркүйек айынан 2017 ж. қарашаға дейін «Қазгидромет» РМК Әкімшілік департаментін басқарды.

2017 жылғы 15 қарашадан бастап «Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры болып жұмыс істейді.

Үздік жұмысы үшін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің (2010 ж., 2011ж.) және Энергетика министрінің (2015 ж.) алғыс хаттарымен марапатталды.

 

«Қазгидромет» РМК Батыс Қазақстан облысы филиалы директорының орынбасары 

Самитов Баубек Оразұлы

     1978 жылы сегізжылдық мектепті аяқтаған соң  1981 жылға дейін кәсіби-техникалық училищеде оқыды. Еңбек жолын 1981 жылы облыстық тұрмыстық радиотехника жөндеу комбинатында радиомеханик оқушысы болып  бастап, осы жерде1983 жылға дейін жұмыс жасады.1983-1984 ж.ж. Алматы гидрометеорологиялық мектебінде оқып аяқтаған соң  Орал  қ. гидрометобсерваториясының Ащы өзек қиын жету стансасына техник-оператор болып  жіберілді. Ташкент қ.гидрометтехникумы мен Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде сырттай оқып білім алған.

1988 -1989 жылдары Калмыков және Камен метеостансаларының бастығы лауазымын атқарды. 1990 жылы Орал қ.гидрометобсерваториясының инженер-метеорологы лауазымына аударылды. Әрі қарай 1996-2006 ж.ж. аралығында гидрометеорологиялық бақылау жұмыстары бөлімінің бастығы болды. 2007 жылдан бастап филиал директорының орынбасары лауазымын атқарады.