РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 27 желтоқсан 2016 17:44, Изменено: 16 наурыз 2017 14:56

Гидрологиялық кеңес

 Күтілетін гидрологиялық құблыс жайлы ақпарат

Гидрологиялық болжау

  Уақытта және кеңістікте гидрологиялық сипаттамаларды болжау

Гидрологиялық режим

 Су объектісінің басқа су объектілірінен өзгешелендіретін және өзіне ғана тән қайталанғыштығы

Апатты гидрологиялық құблыс жайында дабылды ескерту

Қауіпті гидрологиялық құблыстың туындауы  (сақталуы, күшеюі) жайында қысқа мерзімді болжам

Су тасқыны кезеңі

Жыл сайын бір мезгілде, бірдей климаттық жағдайда қайталанатын ең жоғары сулылығы, жоғары және ұзақ су деңгейінің көтерілуі және қар еруімен сипатталатын өзен су режимі фазасы.

Мұз кептелісі

 Анжыр мұзбен қосылған ұсақ мұз түйіршіктерінің өзенде жиналып, арнаның тарылуы, осыған байланысты су деңгейінің көтерілуі.  

Сең буылуы

 Мұз жүру кезінде мұз түйіршіктерінің өзен арнасында жиналып, өзен арнасының тарылуын туырады және осыған байланысты су деңгейінің көтерілуі. 

Су тасу

 Жылымық кезінде қар еруі мен жаңбыр әсерінен пайда болады. Жыл ішінде жиі қайталанады, әдетте қарқынды түрде су өтімінің және деңгейінің өсуімен сипатталады, жыл мезігілі ішінде көп қайталануы мүмкін. 

Мұз қабаты

 Су объекісінде немесе тоғанда қозғалыссыз мұз қабаты байқалатын кезең. Мұз қабатының ұзақтығы қар қалыңдығы, қыстың темпертауралық режимі және ұзақтығы, су объектісінің сипаттамасына байланысты.

Мұз жүру

Мұз түйіршіктерінің өзен арнасындағы қозғалысы

Сел

Сел – шаруашылық объектілеріне зиян келтіретін және елді - мекендерге қауіп төндіретін, таулы өзендер алаптарында қарқынды жаңбыр немесе қар еруі, сонымен қатар мореналық көлдер тасуынан кенет пайда болатын, су мен борпылдақ тау жыныстарынан тұратын, үлкен бұзғыш күші бар екпінді ағын

Сабалық кезең

 Жыл сайын қайталанатын өзендерде төмен (сабалық) су деңгейінің тұруы.

Гидрологиялық бекет

Бекітілген бағдарламалар және әдістемелер бойынша жүйелі гидрологиялық бақылаулар жүргізу және бақылау нәтижелері жөнінде ақпарат беру үшін су объектісі жағалауында немесе су айдынында таңдалған орын.

Гидрометриялық тұстама

Тереңдіктер және ағыс жылдамдығы өлшенетін көлденең қима.

Су өтімі

Өзен арнасының көлденең тірі қимасынан 1 секундта ағып өтетені су мөлшері.

Тірі қима

Арнаның су қозғалысы байқалатын бөлігі.

Жағалық мұз

Өзеннің екі жағалауын бойлай пайда болған мұз жолағы.

Қабыршақ мұз

Су бетінде алғаш пайда болатын мұздың түрі – ине тәрізді бір-бірімен байланысқан мұз кристалдары. Олар сырттан қарағанда қатқан түйіршік май тәрізді.

Анжыр

Су ішілік мұздардың түйіршік түрінде жиналуы.

Өкше мұз

Өзенің түбіне дейін берік жабысып судың бетіне дейін жететін түпкі мұздың жинақталуы.