РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 25 сәуір 2017 12:12, Изменено: 07 қараша 2017 18:55

Қазақстан Республикасы Энергетика министрілігі “ҚАЗГИДРОМЕТ”  шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалы  Филиал аумағында орналасқан төмендегі тізбедегі  гидрометеорологиялық жүйенің бақылау жүйесін әдістемелік басқарумен шұғылданады.

  • Метеорологиялық стансалар – 21
  • Гидрологиялық бекеттер – 19
  • Агрометеорологиялық бекеттер – 6
  • Автоматтандырылған метеорологиялық стансалар 3
  • Қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргізетін автоматтандырылған бекеттер 3
  • Атмосфералық ауаның ластануына  ластануына бақылау жүргізетін бекет 3.

  Қазақстан Республикасы Энергетика министрілігі “ҚАЗГИДРОМЕТ”  шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе  облысы бойынша филиалы   Ұлттық бірегей  гидрометқызметтің Ақтөбе  облысы  және Ақтөбе қаласы аумағындағы гидрометеорологиялық құбылыстар мен қоршаған ортаның жағдайына бақылау жүргізуді ұйымдастырушы және орындаушы  арнайы  уәкілетті органы болып табылады.

Облыстық гидромет қызметтің қысқаша  тарихи анықтамасы.

 

  • 1886 ж. – Ойыл метеорологиялық станса ашылуы
  • 1894 ж. - Темир метеорологиялық стансаның ашылуы
  • 1898-Ақтөбе метеорологиялық стансаның ашылуы
  • 1956 ж. – Ақтөбе қаласында Қазақстан ССР-ның  гидрометеорологиялық қызметінің  Ақтөбе қаласындағы бюросының құрылуы.
  • 1963 ж. – Гурьев және Орал  ГМО әдістемелік басқарушы Батыс Қазақстан  гидрометорталығы болып қайта құрылуы
  • 1998 ж. – «Қазгидромет» РМК "Ақтөбе гидрометеорология орталығы " еншілес мемлекеттік кәсіпорны болып қайта  құрылуы
  • 2012 г.- «Қазгидромет» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы болып қайта  құрылуы

Ақпараттар түсу көздері

 Ақтөбе облысында 24 метеорологиялық станция, оның 3 автоматтық станция және 1 аэрологиялық станция, 19 гидрологиялық бекет, сонымен қатар атмосфералық ауа сапасын бақылайтын 3 қолмен ластануды бақылайтын бекет, 3 автоматты бекет (СКАТ) жұмыс жасайды.

 

Қызметтері мен міндеттері :

  • Метеорологиялық , аэрологиялық , актинометриялық , гидрологиялық , агрометеорологиялық , радиометриялық бақылауларын өңдеу .
  • Ақтөбе қаласы ауа алқабының ластануын және филиал қызметінің аумағында орналасқан өзен суларының беткейін және суаттарын барлауды жүзеге асыру.
  • Ақтөбе қаласы және облыс бойынша ауа- райының қауіпті және күтпеген гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуын ескерту.
  • Тұтынушыға болжамдық , нақты және арнайы ақпараттармен гидрометеорологиялық қызмет көрсету ;
  • Қар қоры туралы гидрологиялық болжамдардың құрылуы ;
  • Күтпеген апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болу мүмкіндігі туралы ескерту ;
  • Қысқа мерзімді , ұзақ мерзімді метеорологиялық , гидрологиялық , агрометеорологиялық , ауа алқабының ластануына себепші болатын қолайсыз метеорологиялық жағдайларының болжамдарын құрастыру .
  • Ақтөбе облысы  бойынша қоршаған орта мониторингін және гидрометеорологиялық бақылауларын жүйелі түрде жүргізу;
  • Республикалық қорды гидрометеорология және қоршаған ортаның ластануы туралы мәліметпен қамтамасыз ету .
  • ҚР- ң энергетикасын , ауыл шарушылығын және экономиканың басқа салаларын мамандандырылған гидрометеорологиялық  мәліметтермен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
  • Мемлекеттік органдардың , ҚР экономикасының басқа салаларының және халықтың  ауа-райы , климат , нақты және гидрометеорологиялық жағдайдың өзгерістері және қоршаған ортаның жағдайы, сондай-ақ олардың себептері туралы ақпараттарының қажеттілікті қанағаттандыруы .