РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 13 сәуір 2017 12:49, Изменено: 06 қазан 2017 18:18

Бақылау тораптарынан алынған гидрометеорологиялық ақпарат және қоршаған ортаның ластану жағдайы туралы ақпарат

  • Барлық түрдегі ауа райын болжау түрлерін құрастыру үшін.
  • Қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауы туралы дауыл ескертулерін  құрастыру.
  •  Нақты гидрометеорологиялық ақпарат және қоршаған ортаның ластану жағдайы туралы ақпарат ұсыну.
  • Көктемгі су тасқыны және су қоймаларындағы су салалары туралы гидрологиялық болжам құрастыру.
  •  Атмосфералық ауа, табиғи сулар, атмосфералық жауын-шашындар, қар қабаты жағдайларының кешенді сараптамасын жасау үшін өңдеу және сараптау орталығына: «Қазгидромет» РМК және  Филиалға  келіп түседі.     

ҚР ЭМ «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қостанай облысы бойынша филиалы келісім-шарт негізінде келесі қызмет түрлерін көрсетеді: 

  • гидрометеорологиялық бақылауларды ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету;
  • гидрометеорологиялық стансалар мен бекеттердегі тұрақты бақылау мәліметтерін ұсыну;
  •   агрометеорологиялық бақылаулар жүргізу және облыстың егістік алқаптарындағы ылғал қорын және ауыл шаруашылық мәдениетінің өсу жағдайын анықтау;
  •  өзендердегі су деңгейін және су қорын анықтау;
  • ауа райының кенет өзгеруі және апаттық гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескертулер ұсыну;
  •  барлық түрдегі  болжаулар ұсыну;
  • шолулар, анықтамалар, талдау хаттарын құрастыру;
  • атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың концентрациясын анықтау;
  •  гидрохимиялық көрсеткіштерге су сынамаларын алу және сараптама жүргізу;
  • Атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың фондық шоғырлануы туралы ақпарат ұсыну.