РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 13 сәуір 2017 18:03, Изменено: 27 сәуір 2017 18:13

Ұсынылатын  қызметтер: 

1. Гидрометеорологиялық және экологиялық ақпарат

Метеорология бойынша

  • Ауаның температурасы мен ылғалдығы
  • Желдің жылдамдығы және бағыты
  • Атмосфералық қысым
  • Топырақ бетінің және тереңдіктегі топырақ температурасы
  • Жауын-шашын, атмосфералық құбылыстар
  • Қар жамылғысы және мұзөрнек-қылау қабаттанулары

 Гидрология бойынша

  • Судың деңгейі, шығыны және лайлануы гидробекеттер бойынша
  • Судың температурасы
  • Мұздың қалындығы, мұздың бетіндегі қардың биіктігі, мұзды құбылыстар
  • Ағыс жылдамдығы, Сырдария өзенінің тереңдігі

Табиғи ортаның ластануы бойынша

  • Атмосфералық ауаның ластануы
  • Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша құрлық беткі судың сапасы
  • Табиғи ортаның радиоактивтік ластануы
  • Атмосфералық ауадағы және беткі судағы ластағыш заттардың шоғырлануы
  • Ауыр металлға топырақтың құрамын талдау

2.  Болжам өнімдері

  • Пункттер, аудандар, облыс бойынша 12 сағаттан 7 тәулікке дейін ауа райы болжамдары
  • Онкүндікке ауа райы болжамы
  • Айлық ауа райы болжамы
  • Маусымдық болжам-кеңес
  • Күнделікті  гидрометеорологиялық бюллетень

3. Қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарға дабылды ескертулер

  • Температураның күрт төмендеуі және ауа райының өзгеруі
  • Үсік және көктайғақ құбылыстары
  • Қатты жауын-шашын, найзағай және жел

 

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?