РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 30 наурыз 2017 14:51, Изменено: 27 сәуір 2017 17:45

Ұсынылатын коммерциялық қызметтер

Біз Сіздерге гидрологиялық және метеорологиялық болжаулар, инженерлік- гидрологиялық есептеулер, қоршаған ортаның ластануы бойынша ақпараттар, 1903 жылдан бастап,  қазіргі уақытқа дейін көрсетілген кезеңдер бойынша нақты ауа райы туралы ақпартттар, сонымен қатар, біздің болжаулар, бақылаулар және талдауларға байланысты  қажетті ұсыныстар мен  кеңестерді ұсына аламыз.

Бұл ақпараттармен ғылыми- іздестіру мекемелері, өнеркәсіптік, құрылыс, жобалау және экологиялық ұйымдар, көлік өнеркәсіптері, орман, коммуналдық, ауыл- шаруашылығы, кеме жүргізу, гидроэнергетика және т.б.  жоспарлау үшін, талдаулық қызметтермен басқа да мақсаттарға жетістікпен пайдалануда.

 

Ауа райын болжау

-бір айға, бір аптаға, екінші  және үшінші  күн тәуліктеріне ауа райын болжау;

- Өскемен, Семей, Зыряновск, Риддер қалалары бойынша ауа райын болжау;

- арнайы ауа райын болжау ( темір жол және автокөлік жолдары, таулы аудандар бойынша, шалғайдағы мал шаруашылығы, су нысандары және т.б. бойынша);

- апатты құбылыстар  және қауіпті  дауыл болуын ескерту және кенеттен ауа райының өзгеруі туралы;

- атмосфералық ауаның ластану жоғары деңгейі туындаған жағдайда қолайсыз метеожағдайлар туралы штормдық ескертулер;

 

Инженерлік- гидрологиялық жұмыстар мен қызметтер

- гидрологиялық болжаулар;

- судың деңгейі мен шығынын әр түрлі жағдайда қамтамасыз ету-

өзен, су, су қоймаларының гидрологиялық сипаттағы есептеулерін анықтау;

-гидрологиялық жылдың айлық және кезеңдік бойынша судың ішкі ағысының  бөлігін есептеу;

- көпжылдық кезеңге және олардың параметріне гидрологиялық сипаттамалар қатарын келтіру;

- далалық инженерлік- гидрологиялық ізденістер-құрылыс,құрал- жабдықтар, және мониторинг пунктері гидрологиялық бақылауларды зерттеу, мұз, су ағындары, су қоймаларының  тәртібі туралы оқып үйрену;

- үлкен және шағын су қоймаларының  беткі қабатының булану көлемінің есебі;

- су объектілерінің морфологиялық сипаттамасын анықтау- топографиялық түсірілім, бойлық және көлденең қалпын өлшеу;

-өзен, су қоймалары, мұзды, су бойынша гидрологиялық басылымдар шығару;

Метеорологиялық сипаттамалар

- кезеңдік, жылдық, айлық, он тәуліктік, бір тәуліктік орта және экстремалдық метеорологиялық параметрлер;

- атмосфералық құбылыстар;

- топырақтың температурасы;

- ауаның ылғалдылығы және темпертурасы;

- атмосфералық қысым;

-желдің жылдамдығы мен бағыты;

- жауын- шашын;

- 0,5,10,15º арқылы тепература мәліметтерінің ауысуы және кезеңдік ұзақтығы;

-топырақта және ауада үсік жүру күндері;

- жылу жүйесімен қамтамасыз ету кезеңдерінде ауа темпертурасын салыстыру,  жылумен қамтамасыз ету ұзақтығы, басталуы және аяқталуы;

-жел бағыттары;

-  неғұрлым суық күндері  және бес тәуліктік ауаның орташа  температурасы;

- ауа температурасының ауытқуының тәуліктік амплитудасы;

- мемлекетке және халыққа зиян келтіретін апатты, метеорологиялық құбылыстарды растау;

Табиғат ортасын ластау бойынша ақпараттар

- атмосфералық ауаның ластану аясының жай-күйі туралы;

- Өскемен қ, Риддер қ, Семей қ. және Глубокое к. атмосфералық ауасының  көрсетілген  уақытқа немесе кезеңдік ластану жай- күйі туралы;

- жылжымалы зертхана және стационарлық бекеттердің  мәліметтері бойынша Өскемен қ. атмосфералық ауасының ластану жай- күйі туралы;

- атмосфералық ауадағы ауыр металдардың мәні туралы;

- ШҚО бойынша су беті қабатының ластану жай- күйі туралы;

- гидробиологиялық көрсеткіштер бойынша су беті қабатының сапасына сипаттама.