РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 30 наурыз 2017 15:04, Изменено: 14 сәуір 2017 15:30

Ұсынылатын  қызметтер

 

1. Гидрометеорологиялық және экологиялық ақпарат

Метеорология бойынша

  • Ауаның температурасы мен ылғалдығы
  • Желдің жылдамдығы және бағыты
  • Атмосфералық қысым
  • Топырақ бетінің және тереңдіктегі топырақ температурасы
  • Бұлттың мөлшері және формалары
  • Жауын-шашын, атмосфералық құбылыстар
  • Қар жамылғысы және мұзөрнек-қылау қабаттанулары

 

  Гидрология бойынша

  • Судың деңгейі, шығыны және лайлануы
  • Судың температурасы
  • Мұздың қалындығы, мұздың бетіндегі қардың биіктігі, мұзды құбылыстар

 

Агрометеорология бойынша

  • Ауыл шаруашылық егістіктеріндегі топырақ температурасы
  • Топырақ ылғалдылығы
  • Топырақтың қату және жібу тереңдігі
  • Ауыл шаруашылық дақылдарының астық өнімділігі және жағдайы

 

Аэрология бойынша

  • Ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдық және шық нүктесінің тапшылығы туралы мәліметтер
  • Жерден 30 км-ге дейін желдің жылдамдығы мен бағыты
  • Жер бетіндегі және көтеріңкі инверсия туралы мәліметтер

 

Табиғи ортаның ластануы бойынша

  • Қалалардағы  атмосфералық ауаның ластануы
  • Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша құрлық беткі судың сапасы
  • Табиғи ортаның радиоактивтік ластануы
  • Атмосфералық ауадағы және беткі судағы ластағыш заттардың шоғырлануы
  • Атмосферадағы зиянды қоспалардың тарқау кезінде пайда болатын қолайсыз  метеорологиялық жағдайдың (ҚМЖ)  басталуы мен ұзақтылығы туралы ескерту

2. Болжау өнімдері

  • Пунктер, аудандар, облыстар бойынша 12 сағаттан 7 тәулікке дейін ауа райы болжамдары
  • Онкүндікке ауа райы болжамы
  • Айлық ауа райы болжамы
  • Маусымдық болжам-кеңес
  • Өрт қауіптігі туралы болжам
  • Күнделікті  гидрометеорологиялық бюллетень
  • Қазақстан өзендері алқабындағы  ылғал қорының жиналуына және 1 наурызға берілген мәліметтер бойынша тасқын кезеңінде күтілетін сулылыққа анықтама-кеңес
  • Агрометеорологиялық болжамдар: топырақтағы өнімді ылғал қорына болжам, егістікті жүргізуге қолайлы мерзімдерді анықтау, дәнді дақылдардың пісу және астық өнімділігіне  болжам, дәнді дақылдарды жинау кезінде агрометеорологиялық жағдайға берілетін болжам

 

3. Қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарға дауыл ескертулері

  • Температураның кенет төмендеуі және ауа райының өзгеруі
  • Үсік және көктайғақ құбылыстары
  • Қатты жауын-шашын, найзағай және жел
  • Ұзақ тұратын бұрқасын
  • Судың жоғары деңгейі
  • Мұзды құбылыстардың қауіпті кезеңінің басталуын болжау

Сіздің пікіріңіз бізге қажет

Метеорологиялық сезімтал адамдар үшін болжам шығару қажет пе?