РМК «Қазгидромет»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Добавлено: 26 қаңтар 2017 16:43, Изменено: 30 қыркүйек 2017 11:05

Есептеу орталығы (бұдан әрі –ЕО) «Қазгидромет» РМК өзіндік құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның негізгі міндеті - сандық болжау тәсілдерін ендіру және гидрометеорологиялық үрдістерді автоматтандыру. ЕО функцияларына:

  • Жеке гидрометеорологиялық параметрлерін болжаудың сандық әдістерінің жаңаларын бейімдеу мен қолданыстағыларын жетілдіру.

  • «Қазгидромет» РМК желілік болжам бөлімшелерін қамтамасыз етіп, болжаудың автоматтандырылған сандық әдістері мен есептеу әдістерін пайдалану мәселелерінде оларға әдістемелік көмек көрсету.

  • «Қазгидромет» РМК ішкі жұмыс үрдістерін автоматтандыру мен сүйемелдеу

  • Есептеу орталығының өнімдерімен «Қазгидромет» РМК болжау бөлімшелеріне кеңес беру.

  • Бекітілген жоспарға сәйкес «Қазгидромет» РМК желілік бөлімшелер инженерлерін тағлымыдан және ЖОО студенттерін өндірістік практикадан өткізу жатады.