«Air KZ» мобильді қосымшасының жаңартылғаны туралы

IconЖарияланды 10.12.2025

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның қоршаған ортасының жай-күйі туралы экологиялық ақпаратқа халықтың ашық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылы атмосфералық ауаның сапасы бойынша «Air KZ» мобильдік қосымшасын әзірледі және оны дамытуды және жетілдіруді жалғастыруда. 2025 жылы аталмыш қосымшаға оның ақпараттылығы мен дәлдігін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілді.
Жаңартылған нұсқаға көрсеткіштер визуализацияланып, түсі бейнеленетін озон (O₃) ластаушы заты бойынша деректерді көрсету компоненті қосылды. «Таңдалған бекеттер» тізімінде бекетті нөмірі, мекенжайы және  атауы бойынша іздеу функциясы іске асырылды. Іздеу инкрементальді істейді, әр әріпті енгізген кезде нәтижелер жаңартылады.
Сонымен қатар, интерактивті картада пайдаланушының орналасқан жері (геолокациясын) мен ең жақын бақылау бекеттерін көрсету функциясы қосылды. 
2025 жылғы 10 желтоқсаннан бастап қолжетімді болатын жаңартылған қосымшада қоғамға қоршаған ортаның жай-күйі туралы өзекті және нақты ақпарат берілмек. Бұл халықтың қоршаған ортаны сақтауға және денсаулықты нығайтуға бағытталған саналы шешімдер қабылдау мүмкіндігін тудыратын болады.
Болашақта «Қазгидромет» РМК мобильді қосымшаның функционалын дамыту жұмысын жалғастырады. Оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар бар болса, одан әрі қарау үшін біздің мекенжайымызға ұсынымдар жіберуіңізді сұраймыз.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз