Ауа райы
Нұр-Сұлтан
  • Aқтау
  • Ақтөбе
  • Алматы
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Нұр-Сұлтан
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
06.05.2021
Icon
  • Ауа температурасы күндіз:+25+27 °C
Желдің жылдамдығы: түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с

Ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді

07.05.2021
Icon
  • Ауа температурасы күндіз:+18+20 °C
Желдің жылдамдығы: 3-8 м/с

Ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді

08.05.2021
Icon
  • Ауа температурасы күндіз:+21+23 °C
Желдің жылдамдығы: 9-14, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с
Нұр-Сұлтан
  • Aқтау
  • Ақтөбе
  • Алматы
  • Атырау
  • Жезқазған
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
  • Қызылорда
  • Нұр-Сұлтан
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Семей
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Орал
  • Өскемен
  • Шымкент
  • 06.05
  • 07.05
  • 08.05
06.05.2021
Icon
+25+27 °C
  • Ауа температурасы түнде:+10+12 °C
  • Желдің жылдамдығы:түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с

Ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді

07.05.2021
Icon
+18+20 °C
  • Ауа температурасы түнде:+5+7 °C
  • Желдің жылдамдығы:3-8 м/с

Ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілмейді

08.05.2021
Icon
+21+23 °C
  • Ауа температурасы түнде:+4+6 °C
  • Желдің жылдамдығы:9-14, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с
Icon
Дауылды ескерту

Каспий теңізінің гидрометеорологиялық зерттеулер басқармасы (КТГМЗБ)

Негізгі міндеттері:

Каспий теңізінің қазақстандық секторының гидрометеорологиялық мониторингін ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әдістемелік басшылық.

Теңіз болжамдары мен нормативтік құжаттардың әдістерін әзірлеу.

Қысқа мерзімді және орта мерзімді, мамандандырылған теңіз болжамдарын, сондай-ақ Каспий теңізінің деңгейлік беті ауытқуының ұзақ мерзімді болжамдарын, Каспий теңізіндегі жел қума-айдау құбылыстары мен мұз жағдайына шолуларды шығару.

Каспий теңізі мен Каспий маңы аймағының негізгі гидрометеорологиялық сипаттамалары бойынша жедел деректер базасын жинақтау және жүргізу.

Каспий теңізі мен Каспий маңы аймағының гидрометеорологиялық проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау.

Каспий теңізінің проблемалары бойынша халықаралық жобаларға қатысу.

Қолданылатын әдістер:

Деңгейлік бет пен жел ағыстарының есептеулері Еуропалық орта мерзімді ауа райы болжамдары орталығымен (Ұлыбритания) лицензиялық келісімге сәйкес алынатын жел өрісі мен атмосфералық қысымның сандық болжамдары, сондай-ақ қазақстандық станциялар мен бекеттерден және мемлекетаралық алмасу станцияларынан түсетін ақпарат негізінде Каспий теңізінің жағдайларына бейімделген MIKE 21 дат технологиясын пайдалана отырып, орындалады.

Толқындық жағдайдың болжамдары толқуды болжаудың статистикалық әдісінің көмегімен, сондай-ақ Каспий теңізінің жағдайларына бейімделген SWAN толқындық спектрлік моделінің негізінде орындалады. Кіріс параметрлері ретінде 0,25о-де 0,2 о тор қадамымен Еуропалық орта мерзімді ауа райы болжамдарының орталығынан жел өрістерінің деректері пайдаланылады.

Жел қума-айдау жағдайларын болжау әзірленген қауіптілік өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылады.

Мұз жағдайына шолу гидрометерологиялық мониторинг және ғарыш түсірілімдерін талдау деректері негізінде жасалады.

Гидрометеорологиялық режимді зерттеу дәстүрлі статистикалық және гидрологиялық әдістердің көмегімен жүргізіледі.

Кадрлық әлеует

Басқарма қызметкерлерінің электрондық картаға түсіру, гидрометеорологиялық ізденістер, Каспий теңізі жағалауының толқуы мен су басу процестерін үлгілеуді қоса алғанда, Каспий проблемасы бойынша пәнаралық зерттеулердің көп жылдық тәжірибесі бар. Мамандар Гидродинамикалық процестерді мониторингілеу және модельдеу мәселелері бойынша Дат гидравликалық институтында тағылымдамадан өтті, сондай-ақ ДМҰ, ЮНЕСКО, ХОК және т. б. оқу орталықтарында өз біліктіліктерін арттырды. Басқарма құрамында PhD ғылыми дәрежесі бар маман жұмыс істейді, екі маман РМММУ (Санкт-Петербург, Ресей) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы, Қазақстан) докторантурасында оқиды.

Шығарылатын өнім:

Кез келген аудан үшін алдын ала 120 сағатқа Каспий теңізі деңгейінің сағат сайынғы ауытқуының болжамдары тапсырыс берушінің қалауы бойынша кестелік және графикалық түрде.

Болжамның мысалы: https://yadi.sk/i/nYiba0P6CVm4_A

Каспий теңізінің әртүрлі учаскелері үшін толқудың болжамдары кестелік немесе графикалық түрде.

Болжамның мысалы: https://yadi.sk/i/diz1mDn1k-WMRA

Каспий теңізі бойынша апта сайынғы бюллетень. Әр түрлі пункттерде теңіз деңгейінің 5 күнге арналған болжамын, судың ең жоғары, ең төменгі, орташа деңгейлерін және болжамды кезеңдегі теңіз деңгейінің жүру кестесін, сондай-ақ олардың пайда болу орны мен мерзімін көрсете отырып, жел қума-айдау құбылыстарының болжамын қамтиды. Қысқы кезеңде Каспий теңізіндегі мұз жағдайының сипаттамасы. Бюллетеньде NOAA немесе MODIS станциясынан алынған ғарыштық сурет орналастырылады. Сондай-ақ, алдыңғы кезеңдегі су бетінің жай-күйі сипатталған.

Болжамның мысалы: https://yadi.sk/i/oy_ik0ctbknegQ

Каспий теңізіндегі толқулар бойынша апта сайынғы бюллетень. Ол толқынның биіктігі мен кезеңін, сондай-ақ Каспий теңізінің әртүрлі бөліктеріндегі желдің жылдамдығы мен бағытын болжауды қамтиды.

Болжамның мысалы: https://yadi.sk/i/gLn-Tdjuqq0T7g

Каспий теңізіндегі мұз жағдайына апта сайын шолу. Ресейлік және қазақстандық станциялар мен бекеттердің деректері бойынша ғарыштық түсірілім, жалпы сипаттамасы және мұз режимінің негізгі элементтері бар кесте орналастырылады.

Болжамның мысалы: https://yadi.sk/i/W1WGiej9UY24wQ

Гидрометеорологиялық режим (теңіз деңгейі, толқу, мұз жағдайы, су мен ауа температурасы, ағыс, жел) бойынша анықтамалар. 

Каспий теңізінің гидрометеорологиялық режимінің негізгі элементтерінің ықтималды сипаттамалары.

Каспий теңізінің қазақстандық секторы мен негізгі порттардың әртүрлі аудандарындағы Каспий теңізінің жай-күйін зерттеу нәтижелері.

Болжау нүктелерінің саны және олардың орналасуы тапсырыс берушінің қалауы бойынша өзгеруі мүмкін.