Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі 1922 жылдың қаңтар айында құрылған.
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысымен «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (РМК) мәртебесі берілді. Бүгінде бұл Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорны.
«Қазгидромет» РМК-да Қазақстан Республикасының әр облысында 15 филиал бар, жалпы штат саны 3 мыңнан астам адам.
«Қазгидромет» РМК – Қазақстан Республикасы аумағында табиғаттың қауіпті және дүлей құбылыстары туралы дауылды ескертулермен кез келген ұйымдарға ресми ақпараттық қызмет көрсетуге құқығы бар жалғыз заңды жауапты орган.
Кәсіпорын қызметінің мәні – мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, мететорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты – сенімді гидрометеорологиялық ақпарат алу, гидрометеорологиялық және агрометеорологиялық болжамдар мен қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттың сапасын арттыру, мемлекеттік бақылау желісінде жүйелік бақылау жүргізу кезінде алынған деректерді жинау және қорыту болып табылады.
1. Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі:
- Атмосфералық ауа жай-күйінің мониторингі;
- Атмосфералық жауын-шашын жай-күйінің мониторингі;
- Су ресурстарының сапалық жай-күйінің мониторингі;
- Топырақ жай-күйінің мониторингі;
- Метеорологиялық мониторинг;
- Радиациялық мониторинг;
- Трансшекаралық ластану мониторингі;
- Гидрологиялық мониторинг;
- Фондық мониторинг.
2. Негізгі қызмет түрлеріне сәйкес мемлекеттік бақылау желісінде жүйелі бақылау жүргізу:
- Гидрометеорологиялық құбылыстарды болжау әдістерін жетілдіру;
- Қоршаған орта жай-күйінің мониторингімен, метеорологиялық, гидрологиялық мониторингпен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Шарт негізінде мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тұлғаларды гидрометеорологиялық ақпаратпен, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі, гидрометеорологиялық жағдайлардың нақты және күтілетін өзгерістері, климаттың жай-күйі және оның өзгерістері, қоршаған ортаның ластану жай-күйі және олардың негізгі қызмет түрлері бойынша себептері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Негізгі қызмет түрлерімен байланысты ғылыми-техникалық және ғылыми-қолданбалы әдебиеттерді басып шығару бойынша жұмыстарды дайындау және ұйымдастыру;
- Негізгі қызмет түрлерімен байланысты салаларда халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
- Кәсіпорын зертханаларын аккредиттеу саласына сәйкес аспаптарды жөндеу, тексеру және калибрлеу бойынша жұмыстарды жүргізу және (немесе) ұйымдастыру;
- Жеке және заңды тұлғаларға шарттық негізде қоршаған ортаның сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы бойынша деректерді және қолайсыз метеорологиялық құбылыстар туралы болжамдарды ұсыну;
- Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізу, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу нәтижесінде алынған деректердің республикалық қорын жүргізу.