1977 жылы 8 тамызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
«Метеорология» және «Қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, сондай-ақ «Қолданбалы экология» бағыты бойынша магистр дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2002 жылы «Қазгидромет» РМК-да техник-метеоролог лауазымынан бастаған.
2003-2009 жж. инженер-метеоролог, 1-санатты инженер-метеоролог, жетекші инженер метеоролог, Метеорология басқармасының басшысы.
2011-2015 жж. Метеорология департаментінің директоры.
2015-2017 жж. Экологиялық мониторинг департаментінің директоры.
2017-2020 жж. «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 10 наурыздағы № 119 бұйрығымен «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болып тағайындалды.
1967 жылы 26 мамырда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Құрлық гидрологиясы» мамандығы бойынша бітірген.
География ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.
2003 - 2007 жылдар аралығында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ география кафедрасының оқытушысы, «Жер кадастры ҒӨО» РМК ШҚФ басшысы қызметтерін атқарған.
2007 - 2020 жылдар аралығында «Қазгидромет» РМК-да әртүрлі лауазымды қызметтерді атқарған, атап айтқанда: Гидрология департаментінің директоры, «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының директоры, «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары, «Қазгидромет» РМК Ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
2023 жылғы қазаннан бастап «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары.
1969 жылы 22 қаңтарда Ақтөбе облысында дүниеге келген.
1988 жылы Қатынас жолдары министрлігінің Ақтөбе теміржол көлігі техникумын «техник-электрик» мамандығы бойынша, 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2017 жылы «РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінде «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы «Өрлеу» өндірістік кооперативінің бас инженері ретінде бастаған.
2017-2018 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру дирекциясының директоры, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру мәселелері жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған.
2018 жылғы тамыз - 2019 жылғы қазан аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған.
2019 жылғы қазаннан бастап «Қазгидромет» РМК бас директорының орынбасары.
1971 жылдың 12 маусымында Торғай облысында дүниеге келген.
Білімі:
1993 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын "АӨК саласындағы экономист-ұйымдастырушы"мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы КАЗГЮУ-ды "Халықаралық құқық"мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1993 жылы Арқалық қаласы қаржылық бақылау комитетінің бас ревизор-бақылаушысы болып бастаған. Әр жылдары "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ, "Кедентранссервис" АҚ, "Берекет" халықаралық әмбебап тауар биржасы АҚ, "Астана" әмбебап тауар биржасы АҚ, "АстанаЭкоСтандарт" ЖШС, "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ Астана қ. секілді жұмыс орындарында қызмет атқарды.
Ал 2018 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін, "Қазгидромет" ШЖҚ РМК бас бухгалтер лауазымында жұмыс істеуде.