Weekly hydrological forecast for the period from March 27 to April 2, 2021

IconPublished 28.03.2021

«Қазгидромет»  РМК 2021 жылғы 27 наурыз - 2 сәуір аралығында кезекті апталық гидрологиялық болжам шығарды. NASA спутниктері суреттерінің деректері бойынша, 2021 жылғы 11-19 наурыз аралығында «Қазгидромет» РМК есептеген қармен жабылған Қазақстан аумағының ауданы 69% - дан 53% - ға дейін азайды.

2021 жылғы 27 наурыз - 2 сәуірдегі апталық синоптикалық болжамға сәйкес кезеңнің бірінші жартысында республиканың басым бөлігінде Солтүстік-батыс және Жерорта теңізі циклондарының әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жауын-шашын болады, осыған байланысты көрсетілген өңірлерде көлбеу ағынның қалыптасуы күтіледі. Кезеңнің екінші жартысында Солтүстік-батыс антициклонның басып кіруімен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және ауа температурасының қысқа мерзімді төмендеуі күтіледі.

Қазақстанның жазық және таулы аумақтарындағы өзендерде қардың еруі, мұз құбылыстарының әлсіреуі және су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Толығырақ ақпаратты https://www.kazhydromet.kz/ru/gidrologiya/gidrologicheskiy-prognoz сілтемесі арқылы  алуға болады.  

 

Share this news in social networks