«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы

Аймақ:

 «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы (бұдан әрі  – Филиал).

Филиалдың штаттық саны 179 бірлікті құрайды.

Түркістан облысының аумағындағы бақылау желісінің жалпы саны 59 метеорологиялық, агрометеорологиялық, гидрометеорологиялық және экологиялық станциялар мен бекеттерді құрайды, оның ішінде:

  • Дәстүрлі метеорологиялық станциялар - 14 бірлік;
  • Автоматты метеорологиялық станциялар (АМС) – 6 бірлік;
  • Гидрологиялық бекеттер - 27 бірлік;
  • Агрометеорологиялық бекеттер - 5 бірлік;
  • ҚҚС (қатынасы қиын станциялар)– МС 2 бірлік;
  • Атмосфералық ауаның ластануын бақылау пункттері - 7 бірлік;
  • Табииғи ортаның ластануын мониторингілеу зертханасы  - 1 бірлік.

Филиалдың қызметі

  • Филиалдың негізгі қызметі мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.

Филиалдың негізгі міндеттері

  • Бақылау желісінің үздіксіз өндірістік қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру.
  • Шарт негізінде мемлекеттік органдар мен басқа да мүдделі тұлғаларды гидрометеорологиялық ақпаратпен, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі, гидрометеорологиялық жағдайлардың нақты және күтілетін өзгерістері, климаттың жай-күйі және оның өзгерістері, қоршаған ортаның ластану жай-күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.
  • Қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу нәтижесінде алынған деректер қорын жүргізу.

Метеорологиялық бақылау желісі күн сайын ауа температурасына, топырақ температурасына, желдің бағыты мен жылдамдығына, атмосфералық құбылыстардың түрі мен ұзақтығына, бұлттардың балдағы түрі мен санына, жауын-шашын мөлшеріне, атмосфералық қысымға 8 мерзімді бақылау жүргізеді.