«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы

Аймақ:

Түркістан облысындағы алғашқы метеорологиялық бақылаулардың қысқаша тарихы

Ең алғашқы метеостанция Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 1882 жылы Түркістан қаласында ашылды.

1996 жылы экономикалық қиындықтарға және ААМС жаңа орынға көшірілуіне байланысты Түркістан метеостанциясы жабылды. Станция қайтадан 1999 жылы «Яссы» мақта зауыты аумағында ашылған. Түркістан қаласы Бекзат шағын ауданы мекен-жайы бойынша жаңа орынға ауыстыру 2010 жылы жүзеге асырылды және осы уақытқа дейін әрекет етеді.

Алғаш ашылған метеостанциялар қатарына – 1906 жылы ашылған Тасарық метеостанциясын да жатқызуға болады.

Түркістан облысы бойынша «Қазгидромет» РМК филиалында ауа райының жай-күйіне тәулік бойы бақылау жүргізетін 14 метеорологиялық станция, 6 автоматты метеорологиялық станция, 4 экологиялық автоматты бекет және 4 атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын стационарлық бекет, 27 гидрологиялық бекет, 5 агрометеорологиялық бекет және 3 қар өлшейтін бағыттары жұмыс істейді.

14 метеостанцияның ішінде 5 халықаралық алмасу станциясы: Ащысай, Шардара, Т. Рысқұлов, Түркістан, Шымкент, олар күн сәулесінің ұзақтығына, өздігінен жазғыштар бойынша ауаның температурасы мен ылғалдығына, жалаңаш учаскедегі және табиғи жамылғыдағы әртүрлі тереңдіктегі топырақ температурасына қосымша бақылау жүргізеді.

«Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының желісінде екі жетуі қиын станциялар жұмыс істейді: олар Шуулдақ және Қызылқұм метеостанциясы. Шуулдақ биік таулы метеостанциясы Батыс Тянь-Шань тауларында орналасқан, оның биіктігі теңіз деңгейінен 1947 м. Қызылқұм шөлді метеостанциясы, Қызылқұм шөлінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.

Біздің облыста физикалық-географиялық жағдайлардың үлкен айырмашылықтары ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге және өндіріске әсер ететін агроклиматтық жағдайлардың әртүрлілігінің себебі болып табылады. Облыс аумағында көптеген түрлі дақылдар өседі: күздік және жаздық дәнді дақылдар, жүгері, күріш, мақта, көпжылдық шөптер, жеміс, көкөніс, бақша және жайылымдық өсімдіктер.

Түркістан облысында агрометеорологиялық бақылауды алғаш рет 1935 жылдан бастап Тұрар Рысқұлов МС (бұрынғы Түлкібас МС), 1936 жылдан бастап Шымкент МС (Чимкент МС) және Тасарық МС (Блинково МС), 1940 жылдан бастап Қазығұрт МС (Ленинское) басқа метеостанцияларда 1942-1952 жылдары жүргізе бастаған.

Бүгінгі күні «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалында агрометеорологиялық мониторингті 7 метеостанция және 5 агрометпост (барлығы 12 пункт), оның ішінде топырақтың ылғал қорын анықтаумен 6 МС және 5 АМП жүргізеді. Бақылау он күн сайын қадағаланатын дақылдары бар алқаптарда, өсімдіктердің барлық вегетациясы кезінде жүргізіледі.