«Қазгидромет» тамыз айына құрғақшылық болжамын нақтылады
СЖИ нақты есептелулеріне сәйкес 2024 жылғы тамызда Қазақстан аумағында атмосфералық ылғалдану жағдайы республиканың солтүстігінің, солтүстік-батысының және шығысының жеке аудандарында бірқалыпты ылғалды болады деп күтілуде, құрғақшылық жағдайлары вегетациялық кезеңде жауын-шашын тапшылығы байқалған Қостанай, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының жеке аудандарында болжанады.
Тамыз айында бірқалыпты ылғалды болады деп күтілуде:
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарының басым бөлігінде;
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар және Хромтау аудандарында;
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Күршім аудандарында;
Бірқалыпты құрғақшылық жағдайы күтіледі:
Алматы облысының Балқаш ауданының оңтүстік бөлігінде және Жамбыл ауданының солтүстік бөлігінде;
Жамбыл облысының Мойынқұм және Талас аудандарында;
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында.
Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін норма шамасында болады деп күтілуде. Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған.