Экология мониторинг туралы

Экологиялық мониторинг туралы

 

Қазақстан Республикасының Қоршаған орта жай-күйінің мониторингі:

1) 70 елді мекенде 175 бақылау бекетінде және 15 жылжымалы зертханада атмосфералық ауа сапасының мониторингін;

2) 134 су объектілерінде орналасқан 373 тұстамада жер үсті сулары сапасының мониторингін;

3) 47 метеостанцияда атмосфералық жауын-шашын және 40 метеостанцияда қар жамылғысы сапасының мониторингін;

4) 89 метеостанцияда, 6 қол күшімен жұмыс істейтін бекетте және 9 автоматты бекетте радиациялық гамма-фонды анықтау, сондай-ақ 43 метеостанцияда бета-белсенділікті анықтау;

5) 101 бақылау нүктесінде топырақтың сапалық жай-күйін анықтау.

6) 16 химиялық-талдау зертханаларында талдау жүргізуді қамтиды.

 

Мониторингті одан әрі дамыту, сондай-ақ халықтың экологиялық ақпаратқа деген онлайн қолжетімділігін кеңейту мақсатында, "Қазгидромет" РМК, ел қалаларындағы атмосфералық ауа сапасын бақылау желісін тығыздау бойынша жұмыстар жүргізуде (жаңа станциялар сатып алу, жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңарту және т.б.).
Жоғарыда аталған барлық жүйеден мемлекеттік органдар мен халық үшін ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды және дайындауды «Қазгидромет» РМК Экологиялық мониторинг департаменті жүзеге асырады.

Экологиялық мониторинг департаментінің құрамына 3 басқарма кіреді:

1. Экологиялық мониторинг басқармасы;

2. Экологиялық желіні әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы;

3. Жер үсті суларының деректерін талдау басқармасы.

Экологиялық мониторинг басқармасы атмосфералық ауаның, жауын-шашынның, қар жамылғысының, топырақтың және радиациялық жағдайдың жай-күйі туралы деректерді жинауды, өңдеуді және талдауды жүзеге асырады. Сондай-ақ, басқарма AirKZ мобильді қосымшасының және атмосфералық ауаның сапасы, жер жамылғысының жай-күйі және радиациялық жағдай бойынша интерактивті карталардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Жер үсті суларының деректерін талдау басқармасы ҚР жер үсті сулары сапасының жай-күйі туралы деректерді жинауды, өңдеуді, талдауды жүзеге асырады, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде отырыстарға қатысады және халықаралық ақпарат алмасу үшін трансшекаралық өзендер суының сапасы туралы ақпаратты дайындауды жүзеге асырады, жер үсті суларының сапасы бойынша интерактивті картаның жұмысын қамтамасыз етеді.

Экологиялық желіні әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы «Қазгидромет» РМК химиялық-талдау зертханаларын әдістемелік қамтамасыз ету, аккредиттеу рәсімдері саласындағы үйлестіру бойынша жұмыстарды жүргізеді, экологиялық желінің ғылыми-әдістемелік базасын қалыптастырады.