Гидрологиялық болжам

IconЖарияланды 20.04.2024

2024 жылғы су тасуы кезеңіне қорытынды гидрологиялық болжам

 

Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 3%-ды құрайды (1-қосымша). Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған.

Синоптикалық болжамға сәйкес 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, тек кей күндері жауын шашынсыз ауа райы болжанады.

Жаңбыр жауады, кезеңнің басы мен ортасында Шығыс Қазақстан облысында, кезең аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ұласады (20, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында).

Қатты жаңбыр 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында жауады деп болжануда.

Еліміздің батысында түнде 12-18 градус жылыдан 4-12 градус жылыға дейін, күндіз 27-32 градус жылыдан 18-25 градус жылыға дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде 3-13 градус жылыдан 2 градус аяз-5 градус жылыға дейін, күндіз 20-30 градус жылыдан 10-20 градус жылыға дейін, оңтүстігінде түнде 10-19 градус жылыдан 8-13 градус жылыға дейін, күндіз 28-33 градус жылыдан 23-28 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста түнде 5-15 градус жылыдан 0-8 градус жылыға дейін, күндіз 20-30 градус жылыдан 17-25 градус жылыға дейін, орталықта түнде 2-12 градус жылыдан 0-8 градус жылыға дейін ауа температурасының біртіндеп төмендеуі, күндіз 15-23 градус жылыдан 17-25 градус жылыға дейін аздаған ауыткуы күтіледі.

Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы түнде 13-18 градус жылыдан 10-15 градус жылыға дейін, күндіз 27-32 градус жылыдан 23-28 градус жылыға дейін, шығысында түнде 3 градус аяз-5 градус жылыдан 0-8 градус аязға дейін, күндіз 14-22 градус жылыдан 7-15 градус жылыға дейін ауытқуы болжанады.

 

Жылды таңдаңыз: