Климаттық жүйенің мониторингі Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым тарапынан үйлестіру кезінде және қоршаған орта жөніндегі басқа бағдарламалармен ынтымақтастықта ұлттық, өңірлік және халықаралық ұйымдармен жүзеге асырылады.
Климат - бұл табиғи ресурс, оны егжей-тегжейлі білу экономиканың көптеген салаларының даму бағытын анықтауда және кез-келген мемлекет халқының денсаулығын қамтамасыз етуде өте маңызды. Өңірлік климатты зерделеу және оның өзгеруін тұрақты мониторингілеу Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің «Қазгидромет» РМК басым міндеттерінің бірі болып табылады. 2010 жылдан бастап «Қазгидромет» РМК өңірлік климат, оның құбылмалдылығы мен өзгеруі туралы дәйекті ғылыми ақпарат беру үшін жыл сайынғы бюллетеньдер шығаруды жүзеге асырады. Қазақстанның географиялық жағдайын және оның кең аумағын назарға ала отырып, Республиканың әртүрлі өңірлеріндегі климаттық жағдайлардың байқалып отырған өзгерістері биофизикалық жүйелерге, экономикалық қызметке және әлеуметтік салаға теріс те, оң да әсер етуі мүмкін. Климаттық жағдайларды есепке алу және олардың өзгерістерін бағалау әлеуетті салдарларды айқындау және бейімделудің уақтылы және барабар шараларын қабылдау үшін, ақыр аяғында, Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Бюллетеннің әр шығарылымы белгілі бір жылдың климаттық жағдайларын, оның ішінде температура мен жауын-шашын режимдерінің экстремалдылығын сипаттайды және өткен ғасырдың 1941 жылдан бастап жер бетіндегі ауа температурасы мен жауын-шашын мөлшерінің өзгеруі туралы тарихи ақпарат береді.
Бастапқы деректер. Бюллетеньді дайындау үшін «Қазгидромет» РМК Республикалық гидрометеорологиялық қорының деректері пайдаланылды: 1) 1941 жылдан бастап орташа айлық ауа температурасы мен айлық жауын-шашын жиынтығының қатарлары; 2) тәуліктік ең жоғары және ең төменгі ауа температурасы мен тәуліктік жауын-шашын мөлшерінің қатарлары.
Негізгі тәсілдер мен әдістер. Бюллетеньдегі «норма» деп 1961-1990 жылдар аралығындағы қарастырылып отырған климаттық айнымалының орташа көпжылдық мәні түсіндіріледі. Температураның ауытқулары байқалған мәннің нормадан ауытқуы ретінде есептеледі. Жауын-шашын мөлшерінің ауытқуы нормадан ауытқулар ретінде (ауа температурасына ұқсас) және нормадан пайызбен де қарастырылады. Аспау ықтималдығы бірқатар бақылауларда ауытқудың тиісті мәнінің пайда болу жиілігін (%) сипаттайды.
Белгілі бір уақыт аралығында климат сипаттамасындағы өзгерістерді бағалау ретінде ең аз квадраттар әдісімен анықталатын сызықтық трендтердің коэффициенттері қолданылады. Тренд маңыздылығының өлшемі – анықтау коэффициенті (R2) қарастырылып отырған уақыт кезеңіндегі климаттық айнымалының толық дисперсиясына трендтік құраушының үлесін сипаттайды (пайызбен).
Жер бетіндегі ауа температурасы мен атмосфералық жауын-шашынның белгілі бір жылдағы режимін және олардың уақыт бойынша өзгеруін сипаттау үшін Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым ұсынған климаттық индекстер де қолданылады. Кейбір индекстер барлық станциялар үшін белгіленген бірыңғай шекті мәндерге, ал басқалары станциядан станцияға дейін өзгеруі мүмкін шекті мәндерге негізделген. Соңғы жағдайда шекті мәндер деректер қатарының тиісті пайызы ретінде анықталады. Индекстер климаттың өзгеруінің көптеген аспектілерін бағалауға мүмкіндік береді, мысалы, ауа температурасы мен жауын-шашынның қарқындылығының, жиілігінің және ұзақтығының өзгеруі.
Жер бетіндегі ауа температурасының және жауын-шашын мөлшерінің үрдістерін бағалау жекелеген станциялардың деректері бойынша да, Қазақстанның 17 облысының аумағы бойынша да жүргізіледі. Метеорологиялық айнымалылардың ауытқуларының аумағы бойынша орташа мөлшері ауытқулар туралы станциялық деректерді орташалау арқылы есептеледі. Облыстардың шекаралары төмендегі карта-схемада көрсетілген.
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөліну схемасы
Бюллетень шығаруға жауапты бөлімше Ғылыми-зерттеу орталығының Климаттық зерттеулер басқармасы болып табылады.