«Қазгидромет» РМК мамандары 2021 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласында ДМРЛ радиолокаторын монтаждауды және орнатуды аяқтады. Бұған дейін үш ДМРЛ радиолокаторын монтаждау Алматы облысының Талдықорған қаласында, Қостанай облысының Торғай қаласында және Ақтөбе облысының Шалқар қаласында аяқталды.
ДМРЛ ауқымды аумақтардағы жауын-шашын, найзағай, бұршақ, дауыл болып жатқан аймақтардың, турбуленттілік, қатты жел соғып жатқан және тағы басқалар орын алған аймақтардың орналасқан жері мен жылжу сипаты туралы дұрыс ақпаратты нақты уақыт режимінде анықтауға және ұсынуға арналған.
2018-2019 жылдар аралығында Қазгидромет АҚШ-та өндірілген 5 ДМРЛ сатып алды. Радиолокациялық ақпарат жерүсті метеорологиялық желінің деректерін толықтыра отырып, бір ДМРЛ деректері бойынша әр түрлі уақыт кезеңіне - 1-3 сағатқа (наукастинг) дейінгі уақытқа және бірыңғай радиолокациялық өріс карталары бойынша бір тәулікке дейінгі ауа райын болжауға, сондай-ақ болжамдарды түзетуге және дауылды алдын ала ескертетін ақпарат әзірлеуге мүмкіндік береді.
Қазақстан климатының күрт континенттік сипатын ескеретін болсақ, таяудағы сағаттарға арналған ауа-райының егжей-тегжейлі болжамын әзірлеу ауа-райы жиі құбылатын республикамыздың аумағында жоғары сұранысқа ие болып отыр.