2021 ж. 08-13 шілде аралығындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі деңгейiнiң болжамы*

IconЖарияланды 09.07.2021

Солтүстік Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,17 м белгісіне жуық, ал ауытқуы минус 27,76 м-ден 29,22 м-ге дейін болады деп күтілуде.

Орта Каспий: теңіздің орташа деңгейі минус 28,34 м белгісіне жуық, минус 28,10 м-ден 28,72 м-ге дейін ауытқумен күтіледі.

* Есептік сипаттамалар "Қазгидромет" РМК-ға бейімделген Дания гидравликалық институтының Mike 21 гидродинамикалық модулін пайдалану кезінде алынды.

2021 жылғы 01-07 шілде Каспий теңізінің су бетінің жай-күйі

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз станциялары мен бекеттерінің жедел деректері бойынша (Пешной, Жанбай, Құлалы аралы, Тюлений аралы (Росгидромет)) теңіз деңгейінің орташа мәні минус 28,22 м, ең жоғарысы минус 28,02 м, ең төменгісі минус 28,76 м белгісіне сәйкес келді.

Теңіз станциялары мен бекеттерінің (Форт-Шевченко, Ақтау, Фетисово және Махачкала (Росгидромет)) жедел деректері бойынша Каспий теңізі деңгейінің орташа мәні минус 28,24 м, ең жоғарғысы минус 27,98 м, ең төменгісі минус 28,69 м белгісіне сәйкес келді.

2021 ж. 06 шілде Каспий теңізінің солтүстік бөлік жағалауының ғарыштан алынған «Project at NASA » фотосуреті

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз