Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқару тиімділігінің, елдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне әкелетіні, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтіні баршаға мәлім.
Осылайша, 2021 жылғы 3-4 маусымда "Қазгидромет" РМК қызметкерлері үшін "ISO 37001:2015 – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша менеджмент жүйесін енгізу және әзірлеу" халықаралық стандартына сәйкес семинар-тренинг өткізілді.
Оқыту онлайн режимінде жүргізілді. Екі күн ішінде, нақты кейстік міндеттер үлгісінде, біздің мамандар сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу бойынша қажетті білім мен практикалық дағдыларды алды.
Оқыту нәтижесінде қызметкерлер:
• сыбайлас жемқорлық, оның себептері және оған ықтимал әсер ету туралы идеологиялық мөртабандардан еркін түсінікке ие болды;
• түрлі салаларда сыбайлас жемқорлық көріністерінің ерекшеліктерін білді;
• мемлекеттік орган, мекеме немесе ұйым шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жоспарлай алатын болды;
• сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеудің әдістерін білді;
• мемлекеттік билік органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тиімділік өлшемдерін нақты көрсете алатын болды.