Атыраудағы жоспардан тыс өлшеулердің қорытындылары

IconЖарияланды 03.08.2021

Естеріңізге сала кетсек осыған дейін, 2021 жылдың тамыз айынан бастап, "Қазгидромет" РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалы, Атырау қаласының атмосфералық ауа сапасын өлшеу үшін, өнеркәсіптік аймаққа жақын орналасқан аудандарда жоспардан тыс экспедициялық шығуды жүзеге асыратыны жайлы хабарланған болатын.

Солайша, атмосфералық ауа сынамаларын іріктеу және талдау Перетаска, Атырау-Доссор трассасы аудандарында келесідей заттардың концентрациясы өлшенді:

РМ-2,5 және РМ-10 (шаң) қалқыма бөлшектері,

Күкірт диоксиді,

Көміртек оксиді,

Азот диоксиді,

Күкіртті сутек,

Бензол,

Көмірсутек.

Нәтижесінде, атмосфералық ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу және талдау қорытындылары бойынша, 2021 жылғы 2 тамызда РМ-10 қалқыма бөлшектерінің концентрациясы 1,0 ШЖК деңгейінде екені анықталды. Желдің жылдамдығы 3 м /с, желдің оңтүстік бағыты. Қалған ластаушы заттар бойынша концентрациялар норма шегінде тіркелді.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз