Гидрометорталықта 42 жыл

IconЖарияланды 01.08.2021

Нина Ивановна Виткалова "Қазгидромет" РМК Қостанай филиалының ең үздік қызметкерлерінің бірі. Гидрометорталықта 42 жыл жұмыс істегеннен кейін ол, мінеки құрметті демалысқа шықты.
Нина Ивановна Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметіне, сонау 1979 жылы келді. 1984 жылы Ташкент гидрометехникумын бітіріп, 1989-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде оқып, инженер-метеоролог мамандығын алды. Жас қызметкер Нина Ивановна Жетіқара АМС-да жұмыс істеді, содан кейін Қостанай қаласының гидрометорталығына келді.
2010 жылы Нина Ивановна "Қазгидромет" РМК Қостанай облысы бойынша филиалының Гидрометеорологиялық мониторинг бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Нина Ивановна адал және жанкешті еңбекқорлығының нәтижесінде, еліктеуге тұрарлық үлгі бола білді. Оның еңбегі "Қазгидромет-90 жыл" және "Гидрометеорология саласының үздігі" төсбелгілерімен бағаланды.
Сондай-ақ, Нина Ивановнаның өзінің төрт онжылдығында, метеорологтар мен синоптиктердің бірнеше ұрпағын оқытып шыққаның мақтанышпен атап өткіміз келеді.
Біз сіз үшін өте қуаныштымыз. Сізге және отбасыңызға береке, сарқылмас бақыт пен зор денсаулық тілейміз!

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз