Атырау қ. ШЖК артуы байқалған жоқ

IconЖарияланды 05.08.2021

2021 жылдың 1 тамызынан бастап "Қазгидромет" РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалы, Атырау қаласының өнеркәсіптік аймаққа жақын орналасқан аудандарындағы атмосфералық ауасының сапасын өлшеу үшін, жоспардан тыс экспедициялық шығуды тұрақты негізде жүзеге асырып жүретін болады.
Атмосфералық ауа сынамаларын іріктеу және талдау, "АМӨЗ" ЖШС өнеркәсіптік аймағының жағынан Перетаска аудандарында және Атырау-Доссор тас жолы (Теңдік кенті) ауданында жүргізілетін болады. РМ-2,5, РМ-10 қалқыма бөлшектерінің концентрациясы, күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот диоксиді, күкіртсутегі, бензол, көмірсутектер өлшенеді.
Солайша, 2021 жылғы 4 тамызда атмосфералық ауа сынамаларын жоспардан тыс іріктеу және талдау нәтижелері бойынша ШЖК-дан асып кету байқалған жоқ.
Желдің жылдамдығы 7 м / с, желдің оңтүстік бағыты.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз