Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлерінің үстіндегі түтін пердесі

IconЖарияланды 10.08.2021

2021 жылдың тамыз айының бірінші онкүндігінің ортасынан бастап, Батыс Сібірдің үстінде биік циклон орналасқан еді. Бұл орман өрттері орын алған Якутия аймақтарынан Батыс Сібірдің оңтүстігіне ауа массасын тасымалдауға ықпал етті (сурет. 1-2). Бұдан әрі орман өрттерінен түтін пердесінің шлейфі Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірлеріне біртіндеп таралды. Онда жергілікті дала өрттері (ШҚО) атмосфералық ауа сапасының нашарлауына қосымша ықпал түсірді (сурет. 3).

2021 жылдың 09-10 тамызында Шығыс Қазақстан облысының аумағында атмосфералық ауада шекті рұқсат етілген нормадан асып кету бойынша келесідей көрсеткіштер тіркелді:

Өскемен қаласында азот диоксиді бойынша 2,1 ШРК-ға дейін; Семей қаласында 1,4 ШРК-ға дейін; Өскемен қаласында күкірт диоксиді бойынша 9 ШРК-ға дейін, Өскемен қаласында күкірт сутегі бойынша 5,0 ШРК-ға дейін.

Болжам бойынша алдағы күндері тұрақсыз ауа-райы күтіледі. 12-13 тамызда жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел күтіледі. Ауа температурасының түнде 10...18 градусқа дейін және күндіз 15...23 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі болжануда.

Метеорологиялық жағдайлар аймақтың ауа бассейінінде ластаушы заттардың шашырауына ықпал етеді.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағында және шектес елдерде өрт қауіпті жағдайларға тәулік бойы мониторинг жүргізеді.

 

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз