2020 жылғы 21 сәуірде Атырау облысында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ хабарлауынша, Приморский арнасының сол жағалауында балықтардың өлу фактісі анықталды. Осыған байланысты, «Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының қызметкерлері дереу оқиға орнына шығып, келесі нүктелерде:
- «Ақжайық» резерваты бекетінің маңында;
- «Ақжайық» бекетінен ағыс бойымен 250 м төмен;
- «Ақжайық» бекетінен ағыс бойымен 350 м жоғары;
- Жайық өзенінен арнаның бөліну орнында жоспардан тыс су сынамаларын жүргізді.
Су сапасын талдау негізгі иондарды, биогенді және бейорганикалық заттарды, ауыр металдарды қоса алғанда, 39 көрсеткіш бойынша жүргізіледі.
Бірінші күнгі талдау мәліметтері бойынша су температурасы 12-15 ºС шамасында, сутегі көрсеткіші - 7,2-7,5, еріген оттегі – 3,9-8,4 мг/дм3, мөлдірлігі – 18-20,5 см, түсі – 19,8-20,5 градус, иісі – 1 балл, табиғи суға тән емес иіс байқалмады.
2020 жылғы 22 сәуірде қалған көрсеткіштердің нәтижелері туралы қосымша ақпарат жарияланатын болады. Сондай-ақ, 2020 жылғы 25 сәуірде 5 тәулікте орындалатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» талдауының нәтижелері ұсынылады.