Шымкенттегі №6 бекет бойынша көрсеткіштер уақытша қол жетімсіз

IconЖарияланды 12.08.2021

"Қазгидромет" РМК Шымкент қаласының тұрғындарын, сондай-ақ AirKZ мобильді қосымшасын пайдаланушыларды, Шымкент қаласының №6 бекетінде көрсеткіштердің болмау себебі туралы хабардар етеді (мекенжайы — Нұрсат ш/а).

Аталған атмосфералық ауа сапасын бақылау бекетінде, техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты деректер уақытша қолжетімсіз. Жақын күндері техникалық жұмыстарды аяқтау жоспарлануда.

Жөндеу жұмыстары кезінде, атмосфералық ауа сынамаларын алу және талдау, жылжымалы зертхананың көмегімен баламалы әдіс арқылы жүзеге асырылады.

03-10 тамыз аралығындағы бақылау нәтижелері бойынша ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациялардан асып кету тіркелген жоқ.

12.08.2020 жылдан бастап Шымкент қ. №6 бекетінде (мекенжайы — Нұрсат ш/а), сервистік жұмыстар аяқталғанға дейін, "Қазгидромет" РМК филиалы апта сайын жылжымалы зертхананың көмегімен жүргізілген өлшеулердің нәтижелері туралы ақпаратты, ресми сайтта және әлеуметтік желілер беттерінде жариялайтын болады.

Осы жаңалықпен әлеуметтік желілерде бөлісем десеңіз